ми
Үкімет • 05 Наурыз, 2025
Бектенов Президенттің Алматыда БҰҰ Орталығын құру бастамасының маңыздылығын атады
Премьер-министр Олжас Бектенов FAO-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі – бас директордың орынбасары Виорел Гуцумен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 05 Наурыз, 2025
Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот тыңдауы басталды
Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 05 Наурыз, 2025
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 %-ға артады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балабақшаларды іске қосу бойынша 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітілген. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95%-ға жеткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Наурыз, 2025
Қазақстанда киножобаларды іріктеу конкурсы басталды
«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» 2025 жылғы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу конкурсын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылады
Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов ОКҚ-да өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Сумен жабдықтау жүйелері жаңғыртылады
Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жалпы сомасы 173,7 млрд теңгеге 98 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
«Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» стипендиясына құжат қабылдау басталды
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжат қабылдау 3 наурыздан басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 04 Наурыз, 2025
Елімізде 13 мың шақырым жол жөнделеді
2025 жылы 13 мың шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 9,5 мың шақырымға арналған жобалар толық қаржыландырылған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Наурыз, 2025
4 наурызда үкімет отырысында жаңадан тағайындалған Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Наурыз, 2025
«Бәйтерек» холдингінің капиталы 1 трлн теңгеге ұлғайтылады
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 04 Наурыз, 2025
Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылады
Алматыда білім берудің барлық деңгейлерінде педагогика саласындағы зерттеулермен айналысатын ғылымды дамыту орталығын құру мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 03 Наурыз, 2025
Жәмиля Бақбергенова Тиранадағы турнирде топ жарды
Албанияның астанасы – Тиранада күрес түрлерінен Мұхамет Малоның мемориалы аяқталды. Әлемнің әр қиырынан жиналған белді балуандардың қатысуымен өткен турнирде Қазақстанның ұлттық құрамасы да өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Наурыз, 2025
Мұнай-газ саласының әлеуеті артып келеді
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин биыл мұнай-газ саласының әлеуетіне және Маңғыстау облысының инвестициялық-экономикалық дамуына арналған экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қанат Шарлапаевтың министр ретіндегі негізгі жетістіктері
Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен кетіп, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол басшылық еткен уақытта министрлік бірнеше маңызды шешімдер қабылдап, өнеркәсіп пен құрылыс саласында ірі жобаларды жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Министрлік қант диабетімен күресті күшейтті
Бүгінде елімізде қант диабетіне шалдыққан азаматтардың хәлін жақсарту мақсатында кешенді шаралар қолға алынып жатыр. Қоғам денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізіп отырған кеселді асқындырмай, ерте бастан анықтап, тиісті ем-домын жүргізу үшін мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек көлемі ұлғайтылып, халықты тұрақты скринингтерден өткізу шаралары қолға алынуда. Бұл туралы Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығының (ҚРДҚ) президенті Баян Жұманова мәлімдеді.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Блогерлер өз еркімен 73,6 млн теңге салық төледі
Елімізде 12 блогер өз еркімен 1,4 млрд теңге көлемінде қосымша табыстарын декларациялап, 73,6 млн теңге салық төледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Оқу-ағарту министрлігі TikTok-қа шектеу қоюды қолдады
Оқу-ағарту министрлігінің вице-министрі Наталья Жұмаділдаева TikTok-тың Қазақстандағы балаларға кері әсері және оны шектеудің ықтимал шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Ақпан, 2025
Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан ХВҚ-ның ұсынымдарын жоғары бағалайды - Серік Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысымен кездесті. Ол Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі • 28 Ақпан, 2025
Елімізде жыл басынан бері 42 есірткі зертханасы жойылды
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы ауқымды жұмысты жалғастырып келеді. Ақпан айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті және оның аумақтық бөліністері 17 есірткі зертханасын анықтап, жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Абай облысында екі айдың ішінде үш адам елден қуылды
Абай облысында жыл басынан бері үш адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. Олардың бәрі жауапқа тартылып, елден қуылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Қаржы пирамидасы халықтың қалтасын қағып тұр
Алаяқтықтың алуан түрін меңгергендер қарапайым халықтың қалтасын қағып жүр. Әсіресе жылдар бойы жалғасып келе жатқан қаржылық пирамидалардың қақпанына түсетіндер әлі де азаяр емес. Осы жылдың алғашқы екі айының өзінде құзырлы органдар өңірде төрт қылмыстық іс тіркепті. Оның дені қаржылық пирамиданы заңға қайшы жарнамалау дерегі бойынша, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Ақпан, 2025
Әскери институттардың 50-ден астам түлегі генерал атағын алған
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери институттарының 50-ден астам түлегі генерал атағына ие болды. Бұл туралы Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Қуатбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Елімізде екі әскери колледж ашылады
ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында екі жаңа әскери колледждің құрылатынын жариялады. Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, ал Қарағанды қаласында Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2025
Қазақстанда алғаш рет жер сілкінісінен цифрлық сақтандыру енгізілді
Бүгін сақтандыру нарығының белді сарапшысы сейсмикалық сілкіністер салдарынан баспана айтарлықтай қирап, мүліктер бүлініп, жоғалған жағдайда сақтандыру төлемдері қалай берілетінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын «Астана – Қорғалжын» автожолында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола және Қостанай өңірлеріне жасаған жұмыс сапары аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жабылады
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 26 Ақпан, 2025
Сот шешімдері ЖИ көмегімен орындалады
Бүгін Үкімет отырысында сот шешімдері негізінде мәжбүрлеп орындау институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық шешімдер талқыланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.