Иран
Саясат • 14 Қаңтар, 2026
АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізетінін мәлімдеген еді. Мәлімдемеге қатысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Қаңтар, 2026
Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады
Reuters агенттігіне аты-жөнін жарияламауды сұраған ирандық шенеуніктің айтуынша, наразылықтар барысында қауіпсіздік күштерінің өкілдерін қоса алғанда, шамамен 2000 адам көз жұмған, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 13 Қаңтар, 2026
Ирандағы ахуалға байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттады. Бұған Ирандағы саяси ахуал және оған қарсы санкциялардың күшеюі себеп болды. 12 қаңтарда мұнай жеті аптадағы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Иран келіссөз жүргізуді ұсынды, бірақ АҚШ диалогқа дейін әрекет етуі мүмкін
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігі байланысқа шығып, келіссөз бастау туралы ұсыныс білдіргенін айтты. Сонымен бірге Вашингтонның келіссөзге дейін-ақ белгілі бір шаралар қабылдауы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Қаңтар, 2026
Дональд Трамп Иранға күш қолдануды талқылайды
АҚШ президенті Дональд Трамп 13 қаңтарда үкімет мүшелерімен Ирандағы жағдайға байланысты арнайы жиын өткізеді. Онда Вашингтонның қандай жауап шараларын қолдануы мүмкін екені қаралады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Трамп Масктен Ирандағы интернет байланысын қалпына келтіруді өтінбек
АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы интернетті қалпына келтіру мәселесін талқылау үшін миллиардер Илон Маскпен сөйлесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Қаңтар, 2026
Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды
Иранда бірнеше күннен бері елдің түкпір-түкпірін қамтыған жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста АҚШ президенті протестке шыққан азаматтарға ашық қолдау білдірді. Ол TruthSocial әлеуметтік желісінде ирандықтарға көмектесуге дайын екенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Иран үш күндік ұлттық аза тұту жариялады
Иранның мемлекеттік телеарнасы жаппай наразылық кезінде қаза тапқан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін еске алу мақсатында үкіметтің үш күндік ұлттық аза тұту жариялағанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты
Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтар аясында ел ауруханаларына жарақат алғандар күрт көбейгені хабарланды. Тегерандағы бірнеше медициналық мекеменің дәрігерлері мен фельдшерлері ауруханалардың толып қалғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Ирандағы наразылықтар: мешіттер өртеніп, құрбандар туралы мәлімет тарады
Иранда желтоқсан айының соңынан бері жалғасып жатқан жаппай наразылықтар әлі де басылар емес. Ел аумағында интернеттің өшуіне байланысты оқиғалар туралы ақпаратты тәуелсіз түрде растау қиындап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви халықты жаппай наразылыққа шығуға шақырды
Иранның соңғы шахының ұлы, тақ мұрагері Реза Пехлеви Иран халқын елдегі билікке қарсы жаппай наразылыққа шығуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
БАҚ: Иранның рухани жетекшісі Мәскеуге қашуды жоспарлап отыр
Иранда экономикалық дағдарыс пен инфляция салдарынан туындаған қақтығыс басылмай тұр. The Times газеті елдегі қақтығыс күшейе түссе Иранның жоғарғы рухани және саяси жетекшісі Әли Хаменеи «Б» жоспарын әзірлеп жатыр деп мәлімдеді. Басылым дерегінше, наразылықты басу әрекеті сәтсіз болса Әли Хаменеи елден кетпек, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
Иранда ұлттық валютаның құлдырауы жаппай наразылықты күшейтті
Иранда риал бағамының күрт әлсіреуінен кейін басталған жаппай көшедегі наразылықтар елдің басым бөлігін қамтыды. Желтоқсан соңында тұтанған акциялар 2022 жылдан бергі ең ауқымды толқын ретінде бағаланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 04 Қаңтар, 2026
Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды
Иран билігі елде басталған жаппай үкіметке қарсы наразылықтарға жауап ретінде интернетке қолжетімділікті шектеді. Наразылықтарға экономикалық дағдарыс пен жоғары инфляция себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 03 Қаңтар, 2026
Иран БҰҰ-ны Трамптың қоқан-лоққысына жауап беруге шақырды
Иранның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына хат жолдап, АҚШ президенті Дональд Трамптың Тегеранға қатысты «заңсыз қоқан-лоққысын» айыптауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Тегеран Трамптың қоқан-лоққысына жауап берді
Иранда жалғасып жатқан экономикалық наразылықтар аясында елдің ресми өкілдері АҚШ-қа қатаң ескерту жасап, кез келген сыртқы араласу ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде бағаланатынын мәлімдеді,деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Қаңтар, 2026
Ирандағы қақтығыс: Құрбандар саны артып, жағдай ушығып барады
Иранда ауыр экономикалық дағдарыс пен құнсызданудың кесірінен туындаған қақтығыс бесінші күн қатарынан басылмай тұр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қақтығыс кезінде кемінде алты адам ажал құшып, ондаған шеруші қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Қаңтар, 2026
Иранда қақтығыстар барысында бірнеше адам қаза тапты
Иранда жалғасып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер кезінде кемінде үш адам қаза тапты. Бұл туралы ирандық жартылай ресми Fars ақпарат агенттігі мен Hengaw құқық қорғау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Швейцария Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2025
Трамп Иранға жаңа соққы жасалуы мүмкін екенін ескертті
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен Флоридада өткен кездесуден кейін, егер Иран зымыран немесе ядролық бағдарламаларын қайта қалпына келтіруге кіріссе, Вашингтон жаңа ірі соққыны қолдауы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Музей • 15 Желтоқсан, 2025
Ежелгі парсы қолжазбаларында қазақ хандығы туралы не айтылған?
Ұлттық музейде «Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде» атты көрме ашылды. Көрмеде алғаш рет Иранның Сыртқы істер министрлігінің архивтерінен табылған 27 ежелгі парсы қолжазбасының көшірмелері қойылған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 13 Желтоқсан, 2025
Иранда Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды
Иранда әйелдер құқығы үшін және репрессияға қарсы күресімен танымал Наргиз Мохаммади тағы да ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Президенті Жүрек орталығына барды
Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті, доктор Масуд Пезешкиан «Астана» медициналық орталығы» КЕАҚ-на қарасты University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды. Мәртебелі мейманға орталық жұмысын Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Соңғы 20 жылда Иран Қазақстанға 226 млн доллардан астам инвестиция салды
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Иран тарихынан ортақ деректер келтірді. Бұл қолжазбалардың көшірмелерін бүгін Иран делегациясы елімізге алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президенттер Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Президент: Иран – Қазақстанның сауда-экономика саласындағы өте маңызды серіктесі
Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасын халықаралық деңгейде беделі зор мемлекет әрі еліміздің Орта Шығыстағы сенімді серіктесі ретінде атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Желтоқсан, 2025
Иран Ислам Республикасының Президенті Ақордаға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды Ақорда резиденциясында ресми түрде қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті ресми сапармен келеді
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 29 Шілде, 2025
Иранда 600-ден астам адам өлім жазасына кесілген
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы жартысында Иранда кемінде 612 адам өлім жазасына кесілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп жазады Egemen.kz.