ай
Ән • 05 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген «Grammy» платформасында жаңа авторлық туындысын таныстырды
«Grammy» сыйлығының ресми сайтында және YouTube арнасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің «Fire» атты авторлық композициясын орындаған жаңа бейнежазбасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күні. Кейде ақысыз еңбек ететін ерікті азаматтарға сенімсіздік танытатынымыз бар. Ал шын мәнінде жұмыс кестесіне бағынбайтын олардың жұмысы ерлікпен тең. Өкінішке орай ел тұрғындарының 24 пайызға жуығы ғана волонтерлік ұйымдардың қызметі туралы жақсы хабардар.
Бокс • 05 Желтоқсан, 2025
Бокстан әлем чемпионаты: Бүгін боксшыларымыздың жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін жаһан біріншілігінде үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектерді IBA Boxing ютуб арнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Желтоқсан, 2025
Тұман, көктайғақ, жел: еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады және қатты жел соғады деп болжап отыр, осыған байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инвестиция • 04 Желтоқсан, 2025
Атыраудағы әуежайды жаңғыртуға 50 млн доллар инвестиция тартылады
Атырауда Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайында «Ашық аспан» режимі қосылды. Қазір халықаралық 6 бағытқа әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
Халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы туралы жаңа кітап жарық көрді
Әбіштанушы Бақтыбай Жайлаудың «Әбіш Кекілбайұлы кім?» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2025
«Ұлы дала» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы қорытындыланды. Биыл байқау Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр
Қостанай облысында өтіп жатқан «Ақбөкен» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер заңсыз аң атқан браконьерді ұстады. Ұзынкөл ауданына қарасты Ряжское ауылының 30 жастағы тұрғыны орманға қоян аулауға кетіп, қабан атып алған, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Желтоқсан, 2025
Жетісайдағы өрттен аман қалған 2 адамның жағдайы қалай?
8 қараша күні Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, сол күні 12 адам қайтыс болған еді. Өрттен аман қалған 3 адамның біреуі 1 желтоқсан күні ауруханада қайтыс болды. Ал қалған екі науқастың жағдайы қалай? Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы ем алушылардың жағдайы тұрақты екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Шымкентте оңтүстік аймақтағы ең ірі жылыжайдың құрылысы басталды
Жылыжай кешені Шымкенте салынады. Жоба аяқталған соң ол жерде жылына 36 мың тонна көкөніс өндіріледі. Одан бөлек мыңға жуық адам тұрақты жұмыс табады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды
Сарыкөл ауданындағы Сорочин ауылының тұрғыны мал іздеп шығып, қалың тұманда адасып кеткен. Артынан іздеп шыққан туыстары таба алмаған соң, полицияға хабар берген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2025
Талдысай ауылына интернет байланысы қосылды
Ұлытау облысы, Ұлытау ауылдық округіне қарасты Талдысай елді мекенінде Jusan Mobile компаниясының қолдауымен One Web спутниктік жүйесі орнатылып, Wi-Fi интернет желісі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 04 Желтоқсан, 2025
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Қазір ақпарат айдыны өте жылдам дамып, мәліметтер мен құжаттар көз ілеспес қарқында таралады. Бұл жағдай ұйымдар мен қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дұрыс бағалау, алдын алу және комплаенс талаптарын сақтау жауапкершілігін жүктейді. Осы ретте Freedom Telecom Holding компаниясының комплаенс-офицері, заң ғылымдарының магистрі Ерасыл Жәрдемов «Қазақ газеттері» серіктестігінің ұйым қызметкерлеріне дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2025
Тұман түсіп, көктайғақ болады: еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 4 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 14 өңірінде дабылды ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 03 Желтоқсан, 2025
Қостанайдағы «Аллюр» зауытында жас мамандарға арналған оқу-жаттығу орталығы ашылды
Қостанайдағы «Allur» зауыты көлік бояу цехына маман даярлайтын «МСВ Бояу» оқу-жаттығу орталығын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 03 Желтоқсан, 2025
«Адамзаттың алыбы – Абай» атты апталық өтті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың алыбы – Абай» атты республикалық апталық аясында «Абай Құнанбайұлы мұрасы және цифрлық өркениет: ғылым, білім, руханият тоғысындағы жалпы адамзаттық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми форум өтті, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 03 Желтоқсан, 2025
Катонқарағай табиғи паркінде сирек кездесетін құс фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде сирек кездесетін Алтай ұлары камераға түсіп қалды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 03 Желтоқсан, 2025
МӘМС басшысы қызметінен неліктен кетті?
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының басшысы Айдын Құлсейітовтің қызметінен кетуіне және елдегі сақтандыру жүйесінің жай-күйіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2025
Президент Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Мемлекеттік сыйлықтың, «Парасат» және ІІ, ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2025
Өскеменде «SMART Driving Technology» орталығы ашылды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «SMART Driving Technology» инжиниринг орталығының ашылуы өтті. Орталықтың ашылуымен Қазақстан және Қытай арасындағы инженерлік білім беру халықаралық ынтымақтастығының негізгі жобасы Лу Бань шеберханасы дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Әуежайда өз-өзін өртеген адамға қатысты іс тоқтатылды
Алматы әуежайында өз-өзін өртеген ер азаматқа қатысты қозғалған іс тоқтатылды. Полицияның мәліметінше, тергеу Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу немесе соған итермелеу» бойынша жүргізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 03 Желтоқсан, 2025
Бегалы ауылында қайтарылған активтер есебінен медициналық пункт салынды
Мемлекет басшысының әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық пункт салынды. Нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2025
Философ-академик, қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдин дүниеден озды
Ұлттық ғылым академиясының академигі және вице-президенті, Қазақстандағы диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған, ғалым Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин 92 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Желтоқсан, 2025
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Синоптиктердің болжамынша, 3 желтоқсанда республиканың кей өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар уақытша жабылды
Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Синоптиктер Астанаға не себепті қар жаумай тұрғанын түсіндірді
Елордада биылғы қыс әдеттегіден жылы басталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 1920 оқушы онлайн оқуға жіберілді
Атырау облысында 13 мектептегі 92 сыныптың оқушылары қашықтан оқу режиміне көшірілді. Білім ордасындағы педагогтер мен оқушыларға медициналық маска кию ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қытай инвесторлары Атырау облысында бірнеше өндіріс ашуы мүмкін
Атырау облысында Қытайдан инвесторларды тартуға басымдық беріліп отыр. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің дерегіне сүйенсек, осы мақсатта арнайы индустриялық аймақ құрылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында цифрлық кәсіпорындардың үлесі 34%-ға артты
Қостанай облысында өндіріске IT-технология шешімдерін белсенді енгізіп жатқан өнеркәсіп нысандарының саны екі есе өсті. Егер 2022 жылы кәсіпорындардың 17,8%-ы ІТ-технология игілігін пайдаланса, бүгінде бұл көрсеткіш 34%-ға жеткен. Бұл жөнінде Үкімет отырысына қатысқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2025
Қарағандыда әлеуметтік тауарлардың бағасын өсіргендер жазаланды
Қарағанды облысына көтерме тауар жеткізушілер «Milk Group» ЖШС және «Деп Плюс» ЖШС сары майдың сауда үстемесін 22,6% және 26,3%-ға артық қолданғаны анықталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.