у
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Қостанайда су құбыры жарылды: Тұрғындар қақаған суықта сусыз отыр
Сақылдаған сары аяз тозығы жеткен су құбырларын шыдатар емес. Осыдан он күн бұрынғы қақаған суықта Баймағаметов көшесіндегі құбыр желісі жарылып, тұрғындар бір жарым тәулік бойы сусыз қалып еді. Кешегі үскірік аязда тағы бір құбыр жарылып, 6 көппәтерлі үй, 11 жеке тұрғын үй, 4 комерциялық нысан сусыз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қаңтар, 2026
Елордада екінші ауысымдағы оқушылар сабақты онлайн оқиды
Астанада екінші ауысымдағы 0-6-сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Әкімдіктердің жұмысы бағаланды: Қай өңір көш бастады?
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – жергілікті атқарушы органдар жұмысының (ЖАО) тиімділігін айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Жергілікті әкімдіктердің осы бағытта былтыр атқарған жұмыстары бағаланды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан туристер үшін ең тартымды елдер қатарына кірді
Туристерге ұсынылатын әлемнің ТОП-25 елінің қатарына Қазақстан да енді. Еліміздің басты туристік астанасы – Алматы бірнеше аралдық аумақтарды басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Ішкі істер министрлігі бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді
Елімізде жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі (ІІМ) хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 23 Қаңтар, 2026
Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді
Алматыда интернет-алаяқтар жәбірленушілердің ақшасын бөтен банк карталарына аудартудан гөрі, қолма-қол түрде алып кету тәсіліне көшкен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында түрмеден шартты түрде босатылған азаматқа үй берілді
Жетісу облысы Қаратал ауданының прокуратурасы меценаттармен бірлесіп, түрмеден шартты түрде босатылған көпбалалы анаға 3 бөлмелі үй сыйлады. Ш. есімді әйелдің әлеуметтік бейімделуіне атсалысқандар баспананы ресми түрде тұрғынның атына рәсімдеген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан мен Қытай су саласының мамандарын даярлайтын колледж құрады
Қазақстан мен Қытай еліміздің су шаруашылығы саласына жұмысшы кадрлар даярлайтын бірлескен колледж құруға бағытталған жоспарларды пысықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 23 Қаңтар, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» синоптиктері 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Метеорологтардың мәліметінше, елдің солтүстік және орталық аймақтарында ауа температурасы күрт төмендеп, қатты аяз сақталады. Кейбір қалаларда сынап бағаны -35 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде қар жауып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан мергендері жалпыкомандалық есепте көш бастады
Дохада (Қатар) стенд атудан ересектер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті. Оған 17 елден келген 200-ге жуық мерген шеберліктерін ортаға салды. Дүбірлі додада ел құрамасынан 41 спортшы бақ сынады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Богданович мұздығында қар көшкіні жүруі мүмкін
Кіші Алматы өзені алабында орналасқан Богданович мұздығында және «Шымбұлақ» курорттық аумағында қар көшкіні қаупі жоғары болып тұр. Бұл туралы «Іле-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Екі облыс аумағындағы автожол жабылды
Ауа райының бұзылуына байланысты бүгінгі сағат 21:00 бойынша республикалық маңызы бар автожолдың 2 облыс аумағындағы бөліктерінде көліктің барлық түрлері бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Қаңтар, 2026
Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ертең елордада оқушылардың онлайн режимде оқитыны мәлім болды. Мұндай жағдай ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Марапат • 22 Қаңтар, 2026
«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025 грантының жеңімпаздары марапатталды
Бүгін елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды. Жеңімпаздарды Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста бірнеше елдің басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Мемлекет үніңізге құлақ ассын: eOtinish-ке қанша хат келіп түседі?
Мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыс цифрлық форматта жаңа сапалық деңгейге көтерілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты тетігіне айналған eOtinish платформасы арқылы 2025 жылдың қорытындысында 5 миллионнан астам өтініш қабылданды. Бұл көрсеткіш азаматтар мен бизнес тарапынан жүйеге деген тұрақты сұранысты әрі өтініштерді қараудың жаңа форматының тиімділігін айғақтайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда үш көлік соқтығысты: Бір адам ауруханаға жеткізілді
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 22 Қаңтар, 2026
«Каспий» командасының бас бапкері ауысты
Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы жаңа бас бапкердің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады. Команданы 42 жастағы маман Пиралы Әлиев тізгіндеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Атырауда сот шешімін орындамаған 18 шетелдік елден шығарылды
Атырау облысында жыл басынан бері өзге елдерден келген 91 адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Атырауда бір жылда жол апатынан 96 адам қайтыс болған
Былтыр Атырау облысының аумағында жол-көлік оқиғасынан 96 адамның көз жұмғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қаңтар, 2026
Қарағандыда есірткі контрабандасымен айналысқан студент 15 жылға сотталды
Қарағанды қаласында заңсыз есірткі айналымы және есірткі контрабандасына қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Қаңтар, 2026
Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақ визасын алу жеңілдей ме?
Ел азаматтары үшін Еуропалық одақтың визалық режимін жеңілдету мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл бағыттағы келіссөздердің қазіргі барысын Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Сенат отырысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда ірі жол апаты болды: Әкім зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау – Бейнеу автожолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Сондай-ақ апаттан зардап шеккен науқастардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2026
Ақтауда электр энергиясы уақытша өшіріледі
«АУЭС» МКК Ақтаудағы шағынаудандардың бірінде электр энергиясы уақытша өшірілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2026
Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды
Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған
Қостанайда ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғындар медициналық көмекке жиі жүгініп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2026
Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді
2030 жылға дейін Қазақстандағы автокөлік жуу орындары суды қайта пайдалану жүйесіне көшуі тиіс. Бұл талаптар туралы кәсіпкерлерге жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері хабарлаған. Олар мұны табиғи ресурстарды үнемдеу қажеттілігімен түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Қаңтар, 2026
«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр
Жарыс аталған спорттан халықаралық Азия, Әлем чемпионатына іріктеу турнирі ретінде өтіп жатыр. Турнир «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, академик Саттар Қуашбайдың жүлдесіне арналып ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қаңтар, 2026
«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды
20 қаңтарда Астанада өткен матч кезінде үш бельгиялық жанкүйер трибунаға әдейі көзге түсетін жасыл купальник киіп шыққан. Дәл осы киімді «Борат» фильмінің басты кейіпкері киген. Бұл оқиға бірден камераларға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 22 Қаңтар, 2026
ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды
ChatGPT кәмелетке толмаған пайдаланушыларды қорғауды күшейту мақсатында олардың жасын автоматты түрде айқындайтын жүйені іске қосады, деп жазады Egemen.kz.