у
Қоғам • 20 Қаңтар, 2026
Астаналық жастар отандық иіссу өнімдерін дайындайды
Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясы мен Сервис және туризм колледжі өзара ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Бұл келісім білім алушылардың шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған тың жобаның бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Қаңтар, 2026
Шымбұлақ пен Медеуге шетелдіктер тәнті болды: Алматы Viajar журналының тізімінде
Испанияның Viajar туристік журналы Алматыны тау бөктерінде орналасқан және қала орталығынан тау шаңғысы трассаларына жылдам жетуге болатын әлемдегі бес қаланың қатарына енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қаңтар, 2026
Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты
Екі өрт те Қызылжар ауданында болды. Алдымен Ольшанка ауылындағы бір үйден кешкі сағат 21:00 кезінде өрт шығып, бес жасар қыз бала мерт болды. Ал түнгі сағат 02:00 кезінде Приишимка ауылында шыққан өрттен 1973 жылы туған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2026
Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды
Теміртауда - 15°C пен - 20°C аралығында аяз болып тұр. Қақаған қыста былтыр 6 рет ақау шыққан жылу магистралінде тағы да апат болды, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 20 Қаңтар, 2026
Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану нысанында газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті. Оқиға 19 қаңтар күні шамамен сағат 17:45-те болған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 20 Қаңтар, 2026
«Манчестер Сити» футбол командасының бас бапкері Хосеп Гвардиола Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов туралы пікірін білдіріп, футболшының соңғы айларда қарқынды өсіп келе жатқанын айтты. Каталондық маман жас қорғаушының тұрақты әрі сенімді ойынына риза екенін жасырмады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Қаңтар, 2026
Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 20 қаңтар, сейсенбі күніне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің солтүстігінде қар мен бұрқасын, батысы мен оңтүстігінде көктайғақ пен тұман болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Құрылтай • 19 Қаңтар, 2026
Әлихан Байменов: Ұлттық құрылтай – Қазақстанның мемлекеттік басқаруындағы жаңа құбылыс
Ертең Қызылорда шаһарында Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайтың бесінші отырысы өтеді. Осы орайда Астана мемлекеттік қызмет хабы басқару комитетінің төрағасы Әлихан Байменовтің ҚазАқпарат агенттігіне берген сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Қазақстанда әскери есепке алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
Қорғаныс министрі 2026 жылғы 13 қаңтардағы бұйрығымен әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Ауыр жағдайдағы сәби тікұшақ арқылы Астанаға шұғыл жеткізілді
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің санитарлық авиациясы аясында Астана – Павлодар – Астана бағыты бойынша шұғыл медициналық рейс орындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 19 Қаңтар, 2026
Курсанттар 3500 метрлік шыңды бағындырды
Алматыда күштік құрылымдарға қарасты жоғары оқу орындарының курсанттары Іле Алатауындағы биіктігі 3500 метрді құрайтын тау шыңына көтерілді. Іс-шара тәрбие құрылымдары офицерлері институтының құрылған күніне орай ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 19 Қаңтар, 2026
Ресейде ескірген ұшақтар қайта жаңартылмақ
Ресейлік әуе компаниялары 2027 жылға дейін консервацияланған 12 ұшақты қайта қалпына келтіріп, әуе қатынасына қосуды жоспарлап отыр. Қайта іске қосылатын әуе кемелерінің қатарында Ту-204/214, Ан-148 үлгілерінің тоғыз ұшағы және екі Ил-96 бар. Сонымен қатар, шетелдік әуе кемелері де қайта пайдалануға беріледі, оның ішінде екі қабатты Boeing 747 ұшақтары да бар. Бұл туралы Gazeta.ru басылымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Футбол комментаторы «Ордабасы» клубы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл туралы футбол комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім қылды. Ол аталған клубқа қызметке келгенін айтып, құттықтап жатқан барлығына рахметін жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан курьерлер ұсталды
Polisia.kz мәлімдеуінше, арнайы операция кезінде Қарағандыда есірткі таратумен айналысқан курьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Рейстерді кешіктірген FlyArystan мен SCAT компанияларына шара қолданылды
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі жолаушылардың шағымдарынан кейін әуе компаниялары мен әуежайларда жүргізілген тексерулердің нәтижесінде екі әуе компаниясына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Бір жыл ішінде 123 елді мекен табиғи газбен қамтылды
«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл ішінде 123 елді мекенге газ тартылып, 76 мың абонент табиғи газға қосылған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Көкшетаулық жігіт сауда орталығынан 129 мың теңгенің киімін ұрлап кеткен
Көкшетау қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде «Armani» брендінің қымбат киімі қолды болды. Жедел басқару орталығының мамандары бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні бірнеше сағаттың ішінде анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қаңтар, 2026
Украинаға қауіпсіздік кепілдіктері беріле ме?
Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форумда Украина тақырыбы Дональд Трамптың Гренландияға қатысты талаптарына байланысты екінші орынға ысырылды, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 19 Қаңтар, 2026
Air Astana әуе кемелерінде спутниктік интернет пайда болады
Еліміз цифрлық даму бағытында бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып келеді. Соның қатарында шалғай елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету, халықаралық деректер транзитін кеңейту, жоғары технологиялы өндірісті жолға қою мен киберқауіпсіздікті күшейту секілді стратегиялық бағыттар айқындалған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Қаңтар, 2026
«Dara» президенттік бастамалары қорына жаңа басшы тағайындалды
«Dara» Президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Алия Адамбаева қордың президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 19 Қаңтар, 2026
Ертең «Қайрат» өз алаңында «Брюггені» қабылдайды
20 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында алматылық «Қайрат» командасы Бельгияның «Брюгге» клубына қарсы матч өткізеді. Қонақ команда Астанаға ұшып келді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2026
Атырауда студент қызды шашынан сүйреген әйелдің әрекеті жұртты дүрліктірді
Атырау облысының Тасқала елді мекенінде №51 автобус ішінде балалы әйел студент қызға орын бермегені үшін қол жұмсап, шашынан сүйреген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Қаңтар, 2026
Мәйіттік донор бүлдіршіннің өмірін аман алып қалды
1979 жылы туған ем алушыда мидың өлімі анықталғаннан кейін Алматы облысының көпбейінді клиникалық ауруханасында ағза алмастыру отасы жасалды. Марқұмның туыстарының шешімінен кейін оның жүрегі мен екі бүйрегі, бауыры республикалық күту парағында тұрған балаға салынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Алматыда Ұлан сарбаздары ант қабылдады
Алматыдағы 5571 әскери бөлімінде 600-ден астам ұландық жас сарбаз әскери ант қабылдады. Әскери бөлім қатарына жаңадан қосылған сарбаздар ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Мемлекет басшысы еліміздің сапалық тұрғыдан мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Сырдарияда он гидробекет орнатылады: Қазақстан мен Өзбекстан суды қалай бөліспек?
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдария өзенінде он автоматтандырылған гидробекет орнату жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Германияның Халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен әзірленген бұл жоба трансшекаралық суды бөлудің ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қазіргі уақытта GIZ осы жоба бойынша техникалық тапсырманы әзірлеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2026
Сүт өнімдерінің бағасы төмендеді: Үкімет бағаны қалай қалпына келтірді?
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа жылдағы инфляцияны тұрақтандыру мәселелері жөніндегі алғашқы кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қаңтар, 2026
Жалған ақпарат: Алматыдағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін
Әлеуметтік желіде Алматы қаласында орналасқан біренеше мектепке террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарлама тарады. Қала полициясы жаппай тарап жатқан хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2026
Субсидия беріледі: Қостанайда тұқым шаруашылығын дамытуға қанша қаржы бөлінді?
Қостанай облысында түрлі дақыл тұқымын шығаратын 55 шаруашылық жұмыс істейді. Оның төртеуі жаңа тұқым, 19-ы элиталық тұқым шығарады. Сондай-ақ бірінші репродукциялық тұқым өсіретін 32 шаруашылық, 24 тұқым өткізуші бар. Аталған шаруашылықтар диқандарды жыл сайын сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Қаңтар, 2026
Астанада мектеп оқушыларының қауіпсіздігін жасанды интеллект бақылайды
Астанадағы №107 мектеп жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолданып жүр. Мұнда бейнебақылау камераларына ЖИ жүйесі орнатылған. Жүйе балалардың қауіпсіздігі мен тәртібін жіті назарда ұстайды, деп хабарлайды Egemen.kz.