Фото: ашық дереккөз
Жүргізушінің айтуынша, ол аулалық аумақта тұрған кезде патрульдік полиция қызметкерлері оған көлікті артқа қарай жүргізіп, жол беруін сұраған. Талапты орындау барысында ол көлікті бірнеше метр артқа жылжытқан, алайда авариялық сигналды қоспағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Аталған жағдайда жүргізушіге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті бабы бойынша «сыртқы жарық беру құралдарын және авариялық сигналды пайдалану ережелерін бұзу» фактісімен 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған.
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Жүргізуші бұл шешімнің негізділігіне күмән келтіріп, полиция қызметкерлерінің талабын орындаған жағдайда жауапкершілікке тартылуының заңдылығына қатысты сұрақтар қойған.
Мәселеге қатысты қоғамдық пікір екіге бөлінді: бір тарап жол қозғалысы ережелерін толық сақтау қажеттігін алға тартса, екінші тарап полиция қызметкерлерінің азаматтарды құқық бұзушылыққа итермелеуге құқығы жоқ екенін атап өткен.
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі кейбір жол-көлік оқиғаларынан кейін салынған айыппұлдар барлық жағдайда заңды бола бермейтінін, нақты жағдайға қарай олардың жойылуы мүмкін екенін түсіндірген болатын.
Нұрболат АМАНБЕК