Аймақтар • 10 Сәуір, 2026

Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев жол талғамайтын Jeep көлігімен Каспий теңізінің жағалауына кірген, деп жазады Egemen.kz.

Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды

Фото: threads.com/buzyqmedia

Блогер бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялаған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті шетел азаматы Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 86 500 теңге айыппұл салынған.

Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады

Соңғы жаңалықтар