Энергетика • Бүгін, 10:37

Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан жаңа «жасыл» энергетикалық дәліз құруға бағытталған стратегиялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий теңізі арқылы электр желісі тартылады

Фото: kz.oqu.news

Құжатқа сәйкес, үш ел жаңартылатын энергия көздерін пайдалану мен электр қуатын экспорттау саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр. Оның негізгі жобаларының бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын электр кабелі. Ол Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдың энергожүйелерін байланыстырады. Болашақта электр қуаты Қаратеңіз энергетикалық дәлізі арқылы Еуропа нарығына жеткізіледі.

Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді

Келісім сонымен қатар ішкі энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға, желілерді жаңартуға, жаңа энергетикалық нысандар салуға және елдер арасындағы энергетикалық байланыс нығайтуға бағытталған. Әрбір нақты жоба бөлек қаралып, қосымша келісімдер арқылы жүзеге асырылады, автоматты қаржылық міндеттемелер туындамайды.

Жобаның басты мақсаты – Орталық Азияның күн және жел энергиясы ресурстарын тиімді пайдалану, «жасыл» энергияны ішкі және халықаралық нарыққа жеткізу, сондай-ақ Азия мен Еуропаны байланыстыратын жаңа энергетикалық маршрут қалыптастыру.

Зүлфия Сүлейменова: Жаһандық жылыну Каспий теңізінің жағдайына теріс әсер етіп жатыр

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24