у
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Ертең кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді
Қазгидромет еліміздің 12 өңірінде күн райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 16 Қаңтар, 2026
ҚазҰУ-да Ұшқышсыз авиация орталығы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұшқышсыз авиацияны дамыту инновациялық орталығы ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 16 Қаңтар, 2026
Ақтауда ауыз су өндіру қуаты кезең-кезеңімен артып жатыр
Ақтау қаласын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су өндіру қуатын арттыруға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте қала әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Әкімінің орынбасары Бейнеуде жол апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты
Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасымен Ақтау – Бейнеу автожолында орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев пен денскулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров Бейнеу ауданына барды деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келді
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкер ауысты. Бұған дейін команданы басқарған бразилиялық маман Пауло Рикардо Фигейро Силва (Кака) қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына жаңа бапкер тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Павлодарда шетел азаматы бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған
Ресей азаматшасы Қазақстан аумағында ағзасын сату үшін Telegram арқылы мәміле жасасып, алғашқы жарна алу кезінде ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қызылордада алкоголь сатылмайтын ауылдар көбейді
Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы шеңберінде кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Соның аясында Жалағаш ауданындағы «Руханият орталығында» 14 ауылдық округтегі дүкен иелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2026
Былтыр қанша медицина қызметкері біліктілігін арттырды?
Былтыр Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының мамандары – 1 165 мейіргер және 553 жалпы практика дәрігері, яғни 1 700-ден астам қызметкер оқытудан өткен, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Ақтүтек боран, саршұнақ аяз: Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?
Алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Солтүстік Қазақстанда аязда көліктері қатып қалған шетелдіктер құтқарылды
«Мамлютка − Қостанай» автожолында көліктері қатып қалған бұл шетелдіктер Әзербайжан азаматтары екен. Үш ағайынды жігіт «DAF» және «Iveco» маркалы жүк көліктерімен Қазақстаннан Түркияға жасымық тасымалдап бара жатқанда көліктері қатып, жүре алмай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
«Қанатқа құю» тәсілі: Ел әуежайларында әуе керосині арзандады
Президенттің халықаралық әуехабтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, әуе керосин жеткізілімдерінің ашықтығын, тұрақтылығын және қолжетімді бағасын қамтамасыз ету мақсатында биыл «ҚазМұнайГаз – Аэро» Алматы, Астана қалаларындағы ірі әуежайларда әуе компанияларын тікелей, яғни «қанатқа құю» тәсілімен жанармаймен қамтамасыз етуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда туберкулезге шалдыққандар қатары азайып келеді
Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас фтизиатры Жанар Сапиева ҚДСБ басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен өткен медициналық ұйымдары өкілдерінің кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
«Реал» Холандқа көз тігіп отыр: Клуб президенті «Манчестер Сити» жұлдызын қатарға қосуды қалайды
Мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес «Манчестер Ситидің» шабуылшысын команданың «құтқарушысы» деп санап, оны осы жазда сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды
Стенд атудан Азия чемпионаты Доха (Катар) қаласында өтіп жатыр. Айтулы дода 22 қаңтарға дейін жалғасады. Отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 5 медальға ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?
Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырғандар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені, сондай-ақ көршілердің «полицияға шағымдана алатыны» және содан кейін азаматтарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Орталық коммуникациялар қызметі құрамында жұмыс істейтін AntiFake орталығы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Атырау әуежайындағы ұшу-қону жолағына 23 тоннадан астам ерітінді себілді
Атырауда кейінгі күндері көктайғақтың салдарынан ұшақтардың ұшып-қонуы қиындады. Осыған байланысты Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайының жолағында қар күреліп, 23 тоннадан астам химиялық ерітінді себіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Ертіс ауылындағы өрттен зардап шеккен отбасыға пәтер берілді
Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімдігі өрттен екі баласы қаза тапқан отбасыға Ертіс ауылынан үш бөлмелі жайлы пәтер берілгенін хабарлады. Сондай-ақ оларға қажетті жиһаздар, киім-кешек пен тұрмыстық заттар да сатып алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева дүниеден озды
Қазақ КСР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болған мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева 91 жасында дүние салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қаңтар, 2026
Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды
Аустралияда 16 жасқа толмаған жеткіншектер әлеуметтік желіліні пайдалана алмайды. Себебі заң рұқсат бермейді. Бұл ереже күшіне енгеннен кейін кемінде 4,7 млн бала мен жасөспірімнің аккаунты бұғатталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында 44 жолаушы жылу пунктіне жеткізілді
Үскірік аяздың күшейіп кетуіне байланысты Қарабалық ауданы аумағындағы күре жолдарда қоғамдық көліктер мен жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалу бөлмелері салынады
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар 20 тоқтау-бұрылу алаңы салынады. Арнайы орындар автобустардың амалсыз жол жиегінде тоқтап тұру әрекеттерінің алдын алып, жүргізушілердің тынығуына қолайлы жағдай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 16 Қаңтар, 2026
«Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды
Кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған «Парыз – 2026» байқауына өтінім қабылдау басталды. Байқауға мемлекеттің акциялары мен жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар қатыстырылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Қаңтар, 2026
Ел экономикасы қалай өсіп жатыр: Депутат қарапайым сөзбен түсіндіріп берді
Мәжіліс депутаты Болатбек Алиев Қазақстанда «үздіксіз дағдарыс» туралы айтылатын әңгімелер көбіне нақты экономикалық үдерістерді көрсетпейтінін айтып, жағдайды эмоциямен емес, фактілер арқылы бағалауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 16 Қаңтар, 2026
Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады
Талдықорғанда Жетісу гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері 102 жасқа толған екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы Құсайыновты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Ақтөбе облысында сақырлаған сары аязда 13 жолаушы айдалада қалып қойған
Күннің күрт суытуына байланысты Ақтөбе облысының полицейлері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері республикалық маңызы бар тасжолдарда күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мамандардың ауа райы өзгерісіне байланысты алыс жолдарға шықпауды ескертулеріне қарамастан, жолаушылардың көліктері сынып, жолда қалып жатқан жағдайлары ұшырасып жатыр. Өткен түнде «Самара – Шымкент» автожолының Ырғыз ауданы аумағында полиция қызметкерлері Ресей Федерациясынан Шымкент қаласына бағыт алған автобус жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 16 Қаңтар, 2026
Nestle өнімдері не себепті кері қайтарылып жатыр?
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Онда елімізде сатылып жатқан «Nestle Food Kazakhstan» ЖШС-нің балаларға арналған тағамдарының жекелеген түрлерінің ерікті түрде кері қайтарылу себебі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2026
Аяз күшейді: Астанада екінші ауысымның оқушылары да онлайн оқитын болды
Астана қаласында ауа райының нашарлауына байланысты 16 қаңтар күні екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті
Беларусь Президенті Александр Лукашенко қытай тілін жетік меңгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.