Аймақтар • Бүгін, 15:43

Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың дене шынықтыруын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім ордасында соңғы жылдары спорттық инфрақұрылымды нығайтуға айрықша көңіл бөлініп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.

Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр

Атап айтқанда, мемлекет тарапынан мектепке 90 жұп коньки мен 90 жұп шаңғы беріліп, қысқы спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысуға мүмкіндік қарастырылған. 

Мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалану мақсатында мектеп пен Түркістан қаласындағы Мұз сарай спорт кешені арасында 2025 жылдың қаңтар айынан бастап «Өзара ынтымақтастық туралы меморандум» түзілген. Келісім аясында мектеп оқушылары өздеріне берілген конькилерді пайдаланып, мұз айдынына кіру қызметін жарты бағамен қолдана алады. Бұл бастама ата-аналар үшін де қолайлы болып, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға оң ықпал етіп жатыр.

Үйірмеде жасөспірімдерге пойыз басқару үйретіледі

рр

Қазір мектепте «Мұзбен сырғанау» үйірмесі тұрақты түрде жұмыс істейді. Үйірме аясында оқушылар коньки тебудің бастапқы әдіс-тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, қауіпсіздік талаптарын сақтауды, дене тепе-теңдігін ұстап, шапшаңдық пен икемділікті дамытуды үйреніп жүр. Сонымен қатар үйірме жұмысы балалардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, командалық рухты қалыптастыруға да септігін тигізіп отыр.

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

«Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау. Бүгінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру өте өзекті мәселе. Осы ретте мұзбен сырғанау үйірмесі – оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыратын маңызды жоба. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен серіктестік байланыстардың арқасында біз балаларға сапалы мүмкіндік ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыра береміз, деді мектеп директоры Айгүл Бабашева.

Білім беру ұйымдарында спорттық бағыттағы бастамаларды дамыту – болашақта дені сау, белсенді әрі мақсатшыл ұрпақ қалыптастырудың берік негізі болмақ.

Соңғы жаңалықтар