Соңғы жаңалықтар
Саясат • 03 Қараша, 2023
Парламенттік дипломатия келешегі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті.
Инфографика • 03 Қараша, 2023
Өткен он жыл ішінде халқымыздың саны едәуір артып, ұлттық құрамға қатысты көрсеткіштердің айтарлықтай жақсарғаны туралы ресми хабардың таралуы жұртшылықты қуанышқа бөледі. Ендігі жерде елімізде қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін одан әрі бекемдей түсу қажет. Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша тақырыптық жинақты жариялады.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Жамбыл облысы: Сұраныс арта түсті
Жамбыл облысында сұйытылған газға деген сұраныс едәуір артқан. Жауапты мамандардың айтуынша, өңірде газ қондырғысымен жабдықталған көліктің саны да артқан. Мәселен, 2021 жылы сол санатқа кіретін көлік саны 13639 болса, биыл 23888-ге жеткен.
Саясат • 03 Қараша, 2023
Халықаралық газ форумына қатысты
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған еліміздің бір топ делегациясы ХІІ Санкт-Петербург халықаралық газ форумының жұмысына қатысты.
Баға • 03 Қараша, 2023
Газ бағасы кезең-кезеңімен жоғарылайды
Таяуда тілшілерге берген сұхбатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған мұнай газының қазіргі бағасы өзіндік құнынан төмен екенін айтып, болашақта біртіндеп қымбаттайтынын жеткізген болатын. «Осылайша, сұйытылған мұнай газының бағасын кезең-кезеңімен, бірден өсіп кетпейтіндей етіп өзіндік құнына дейін жеткіземіз.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Елу жылдан бері су мәселесімен күресіп келе жатқан Сарыөзектің жайы қыс бастала қалыңдай түседі. Жыл басында су құбырлары жарылып, елдің әбігерге түскені әлі есте. Халық ішінде биыл сол ахуал қайталана ма деген қауіп бар. Орталықтандырылған су жүйесі бар үлкен ауыл аудан орталығы болғанымен, инфрақұрылымы жөнге қойылмаған. Әкімдіктің алысып келе жатқанына ондаған жыл болса да, ауыз су мәселесі ырық берер емес.
Экспорт • 03 Қараша, 2023
Экспортты 700 млн долларға дейін арттыруға дайын
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Мектеп • 03 Қараша, 2023
Мектептегі орын тапшылығы елімізде өзекті мәселеге айналған. Үш ауысымда лық толып тұратын мектептер мен апатты жағдайда болса да, жұмыс істеп тұрған білім ордалары бар. Жағдайы жоқ мектепте жақсы білім бола қоюы екіталай. Оқушының сапалы, заманға сай білім алуына, әлбетте, заманауи жабдықтар қажет. Дегенмен бұл мәселелер жақын арада шешіледі деген үміт бар. Бұған себеп – тікелей Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
Дербестік декларациядан басталады
Ұлттық һәм ұлық мереке – Республика күніне орай Президент Архивінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, егемен елге айналудың алғышартын құжат жүзінде таңбалап берген декларацияның дайындалуы мен қабылдануына байланысты келелі ой өрбітті.
Үкімет • 03 Қараша, 2023
Бюджет кірістерін ұлғайту жоспары
Премьер-министр Әлихан Смайылов Парламент Мәжілісінде өткен брифинг барысында мемлекеттік бюджет кірістерін арттыру бағытындағы жоспарланған шаралар туралы айтты.
Білім • 03 Қараша, 2023
Түйткілді мәселелер түгесілген жоқ
Қазақ балалар әдебиетіне деген ескі көзқарасты өзгертуді, ең алдымен, Қазақстан Жазушылар одағының казіргі басқармасы бастасын дейміз. Ол бастап та жатыр. Бұрын жылдық қорытынды жиналыстарда балалар әдебиеті туралы баяндамалар ең соңында жасалатын. Бұл бір өзгермейтін қалыптасқан дәстүр сияқты еді. Соңғы жылдары әдебиеттің бұл саласы жайындағы әңгімені алдымен қозғауға қол жеткіздік деп айта аламыз.
Қазақстан • 03 Қараша, 2023
Суармалы жерге ерекше қамқорлық керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында қамтылған өзекті мәселенің бірі – еліміздегі су шаруашылығын дамыту. Еліміз үшін, мемлекет үшін аса маңызды осы салада өз алдына жеке Су ресурстары және ирригация министрлігін құру кеш те болса қолға алынғаны өте дұрыс қадам болды.
Экономика • 03 Қараша, 2023
Сәулетті де дәулетті Степногор
Бұл – етек-жеңі жинақы, өндірістік нысандар молынан шоғырланған, ажары ашық сәулетті қала. Шағын қала өңірдегі өнеркәсіп өндірісі көлемінің 23,7 пайызын құрап отыр. Биылғы жыл басынан бері 297,7 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,2 пайызды құрайды.
Президент • 03 Қараша, 2023
Қазақстан-Мажарстан: Серіктестік жаңа деңгейге көтерілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Сұхбат • 03 Қараша, 2023
Мустафа КАПУДЖУ: Бізді біріктіретін – ортақ мүдде
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 31 жылдан асты. Тығыз стратегиялық әріптестіктің тамыры тереңге жайылды. Бүгінде Еуразиядағы екі ірі ұлт ретінде қос мемлекет түркі халықтарының мәдени, тарихи және тілдік мұрасын дамытуға үлес қосып отыр. Сондай-ақ қос елдің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени, әлеуметтік, коммуникациялық және басқа да салалардағы ынтымақтастығы жылдан-жылға артып келеді. Бүгін елорданың төрінде тәуелсіз түркі мемлекеттерінің басшылары бас қоспақ. Ұйымның мерейтойлық саммитінде мемлекет басшыларының бірқатар маңызды шешім қабылдауы күтіліп отыр. Осы орайда Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мустафа КАПУДЖУ мырзамен арнайы жолығып, әңгімеге тартқан едік.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
Шымкент қаласы: Жанармай бекеттерінде кідіріс бар
Көлік жүргізушілерінің айтуынша, Шымкентте сұйытылған газ тапшылығы байқалады. Бақытжан Ерназаров өткен жексенбіде 64 теңгеден газ құйдырыпты. Бірақ бекеттер 1000 теңгеден жоғары сатып жатқан жоқ екен. Дүйсенбі мен сейсенбі күндері бекетке газ құйдыруға барса «газ жоқ» деп қайтарып жіберіпті. Ол соңғы кездері қалада газ тапшылығы жиі байқалатынын айтады.
Баға • 03 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысы: Батыста тапшылық байқалады
Батыс Қазақстан облысында соңғы уақытта газ тапшы бола бастады. Көлігі сұйытылған отынмен жүретін оралдықтар жанармай бекетінде сағаттап кезек күтуге мәжбүр.
Білім • 03 Қараша, 2023
2-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 90 пайызға жуықтады. Қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 1 000 ауыл мектебін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың тапсырысы бойынша қабылданатын студенттердің санын 2029 жылы 80 мыңға жеткізу жоспарланған. Білім саласындағы осы және өзге де маңызды мәселелер мен алдағы жаңалықтар жөнінде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Кәсіпкер • 03 Қараша, 2023
«Даму» қорының қолдауы қомақты
Кәсіпкерлер үшін мемлекет қолдауы аса маңызды. Осы орайда түрлі несие бағдарламалары олар үшін орасан көмек. Өңірдегі кәсібін жаңа ашқандарға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық бөлімшесі қомақты қолдау көрсетіп отыр. Қор мамандарымен бірге көмек алған бизнес мекемелерін аралап көрдік.
Саясат • 03 Қараша, 2023
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Мәдениет • 03 Қараша, 2023
«Қыз сынынан» жолықтырдым». Димаштың ата-анасы отасқалы - 30 жыл
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы - жұлдызды жұп Қанат пен Света Айтбаевтар «Жақсы адамдарым» бағдарламасына қатысып, жастық шақтарының естеліктерін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
Қанша қазақ жігіті декреттік демалыста жүр, олардың жәрдемақысы қанша теңге болды
Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес бала күтіміне байланысты демалыс ата-ананың біріне – анасына да, әкесіне де берілуі мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, қазақ жігіттері де бұл құқықты пайдаланады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 03 Қараша, 2023
Ғалымдар кофе ішетін қағаз ыдыстардың қауіпті екенін айтты
Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса да қағаз ыдыспен кофе немесе шай ішкен шығармыз. Ал кейбір адамдар күнін жұмысқа бара жатқанда ыстық сусынсыз елестете алмайды. Неліктен картонға немесе қағаз қорапқа сұйықтық құйсаңыз, ол ылғалданып кетеді де шыныаяқтар қалпын сақтайды? Бұл туралы ойлап көрдіңіз бе?
Қоғам • 03 Қараша, 2023
Астана әуежайының жүргізушісі жұмыс орнында көз жұмды
Жүк көлігі жүргізушісінің қазасы туралы Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Қараша, 2023
Балаларды балабақшаға орналастыру үшін енді құжат жинаудың қажеті жоқ
Кезекке тұру мәселесі де толықтай жаңа үлгіге ауыстырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Жыл сайын арнасы түсіп келе жатқан дария суының тапшылығын есік алдына бау-бақша егетін ауылдағылар да анық сезініп отыр. Бірақ ойланса оның да амалы табылады екен. Қармақшы ауданы Ақжар ауылының тұрғыны қой жүні мен сабанды араластырып, бақша егіп отыр.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Астанада жолаушылар мінген автобус қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті
Астанада жолаушылар автобусы қызылдан өтіп, әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Абай облысы: Алаңдауға негіз жоқ
Абай облысы бойынша 33 АГҚС (автогаз құю стансалары), 22 (ГЖП) газ жинақтау пункті бар.
Баға • 02 Қараша, 2023
Маңғыстау облысы: Жағдай тұрақты
Маңғыстау облысы – сұйытылған газдың ірі тұтынушысы. Ай сайын өңірде 18 мың тонна шамасында газ пайдаланылады. Жаңаөзен қаласындағы «Қазақгазөңдеу зауыты» ЖШС айына 17 мың тонна газ өндіріп ішкі нарықты қамтамасыз етсе, қалған 1 мың тонна газ қосымша «Атыраумұнайөңдеу зауыты» ЖШС-нан алынады.
Аймақтар • 02 Қараша, 2023
Павлодар облысы: Қордағы газ – 1200 тонна
Ертіс-Баян өңірінде көлік газының 1200 тонна қоры бар. Жергілікті мұнай өңдеу зауыты қазіргі күні кідіріссіз жұмыс істеп, айына 25 мың тоннадай сұйытылған газ өндіріп отыр.