Соңғы жаңалықтар
Хоккей • 16 Қазан, 2025
Бүгін «Барыс» пен ресейлік «Авангард» командасы кездеседі
Бүгін Астанада Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» пен «Авангард» командаларының тартысты ойыны өтеді. Ойын елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік Түркістан облысында қолға түсті
13-17 қазан аралығында Түркістан облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзудың 627 дерегі анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Қазан, 2025
Дастан Сәтбаев әлемнің ең үздік жас футболшылары қатарына енді
Әлемге әйгілі Британдық The Guardian биылғы жылы 2008 жылы дүниеге келген ең талантты жас футболшылардың жаңа тізімін ұсынды. Сол беделді рейтингке алғаш рет қазақстандық ойыншы – алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Дастан Сәтбаев енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қазан, 2025
Елордада қонақүй өртінен 60-қа жуық адам эвакуацияланды
Бас қаланың Сарыарқа ауданында, Республика даңғылы бойындағы бес қабатты қонақүйден өрт шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қазан, 2025
Биыл көпбалалы отбасылар мен аналарға 450 млрд теңгеге жуық жәрдемақы төленді
Биыл жыл басынан бері орта есеппен көп балалы отбасыларға, сондай-ақ күміс, алтын алқалы аналарға берілетін жәрдемақы 847,7 мың отбасыны қамтыды. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар – шамамен 604,5 мың, ал награда алған аналар – 243,2 мың адам. Жалпы төлем сомасы 449,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 16 Қазан, 2025
Қазақстан Франкфурт Кітап көрмесінде: Ұлттық әдебиет – халықаралық аренада
15–19 қазан күндері Германияның Франкфурт қаласында өтетін «Frankfurter Buchmesse 2025» халықаралық кітап жәрмеңкесінде Қазақстан өз ұлттық стендін ашып, отандық баспалардың жаңа туындыларын әлем жұртшылығына таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қазан, 2025
Президент Олжас Бектеновке экономикалық жағдайды тұрақтандыруды тапсырды
Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әйел әлемі • 16 Қазан, 2025
Әйел – Қазақстанның жаңа «мұнайы»: Астанада Re.Women «Әйел – әлемнің жарығы» форумы өтті
Елордада Re.Women Astana әйелдер қауымдастығының «Әйел – әлемнің жарығы» атты форумы өтті. Шараға шамамен 400-ге жуық лидер әйелдер, депутаттар, кәсіпкерлер, IT саласының, білім, мәдениет және медиа өкілдері қатысты. Форум қоғамда, бизнесте және мемлекеттік қызметте әйелдің рөлі туралы ашық диалог алаңына айналды.
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары күшейтіледі
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар күн тәртібіндегі 10-нан аса мәселені қарады.
Саясат • 16 Қазан, 2025
Есірткіге қарсы күрес жүйеленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.
Жоба • 16 Қазан, 2025
Сеулде «Alatau City» жобасы таныстырылды
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде «Alatau Rise With Kazakhstan Forum» өтіп жатыр. Форумның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысып, роуд-шоуда әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа «Alatau City» жобасын таныстырды.
Саясат • 16 Қазан, 2025
«Қазақстан – америкалық бизнес үшін тартымды ел
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда АҚШ Сауда палатасы жанындағы Қазақстан – Америка іскерлік кеңесінің (USKZBC) дөңгелек үстелі шеңберінде америкалық бизнеске еліміздің инвестициялық-экономикалық әлеуетін таныстырды. Іс-шара Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының жыл сайынғы жиналысы қарсаңында өткізіліп отыр.
Форум • 16 Қазан, 2025
Азаматтық қоғамның мүмкіндігі зор
Елордада «Әділетті Қазақстан: азаматтық қоғам мен мемлекет ынтымақтастығы» атты Азаматтық форум өтіп жатыр. Жетінші мәрте ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға Үкімет, азаматтық қоғам, бизнес, халықаралық ұйымдар және БАҚ өкілдері атсалысты.
Қоғам • 16 Қазан, 2025
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Форум • 16 Қазан, 2025
Кеше Астанада екінші Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Әлемнің 20-дан аса елінен 40-қа жуық халықаралық және академиялық сарапшы, жетекші «ақыл-ой орталықтарының» басшылары мен зерттеушілердің басын қосқан биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге деген сенімді қалпына келтіру».
Үкімет • 16 Қазан, 2025
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаев Вашингтонда америкалық «Honeywell» компаниясының аға вице-президенті Стейси Бернардспен кездесті.
«Таза Қазақстан» • 16 Қазан, 2025
Қоршаған орта мен жұртшылық мәдениетінің үйлесімі
«Таза Қазақстан» – жалпыхалықтық жоба. Былтырдан бері жүзеге асырылып келе жатқан экологиялық іс-шара аясында айналамызды абаттандырып, қоршаған ортаны қадірлеудің өзіндік үлгісі қалыптасты. Табиғатқа құрметпен қарау – әр адамның ішкі мәдениетінің көрінісі. «Бір тал кессең, он тал ек» деген бабалар аманаты обал мен сауапқа үндейтіні аян.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет облыс орталығының әкімі сайланды. 12 қазанда семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасады.
Зерде • 16 Қазан, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында Екінші дүниежүзілік соғыста Кеңес одағының батыры атағын алған үш-ақ қазақ азаматы бар. Сол үш батырдың бірі – Жәлел Қизатов.
Тұлға • 16 Қазан, 2025
Тіл ғылымына еңбегі сіңген академик
Академик Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Халықаралық түркі академиясы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы «Жаһандану дәуіріндегі тіл ғылымы, филология және түркітанудың өзекті мәселелері» тақырыбында түркология конгресін өткізді.
Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Ес – өткен мен болашақ арасындағы көпір. Адам баласы өмір бойы сансыз ақпарат жинайды, бірақ оның бәрі есте қала бермейді.
Ұстаз • 16 Қазан, 2025
Ұстаздар династиясы – ұрпаққа ұлағат
Қазақта «Ұстаздық – ұлы жол» деген ұғым бар. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, білім мен тәрбиені өмірінің басты мұратына айналдырған әулеттер тарихта көп кездеспейді. Солардың бірі – Жетісу өңірінде тамыры тереңге жайылған Ахметовтер әулеті. Бұл әулеттің әр мүшесі ұстаздық жолды өмірлік миссия деп біліп, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.
Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Уақыт көзге көрінбейтін, бірақ бәрін өз ырғағымен реттеп отыратын құбылыс. Ол тыныш ағып жатқан өзен секілді. Біз оның ағысымен жүреміз, бірақ тоқтата да, кері бұра да алмаймыз.
Шаруашылық • 16 Қазан, 2025
Мәртөк ауданында жиын-терім аяқталды
Қыркүйек айынан қазанның ортасына дейін жалғасқан күздің шуақты да жылы күндері өңірдегі шаруашылықтардың жиын-терімді сәтті аяқтауына мүмкіндік берді. Әсіресе астық өсіріп, мал азығын даярлайтын қожалықтар ауа райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланды.
Ғалам ғажаптары • 16 Қазан, 2025
Адам өмірінің шамамен үштен бірі ұйқымен өтеді. Ал сол ұйқының 6 жылға жуығы түс көруге байланысты. Орташа есеппен әр адам күніне 4–6 рет түс көреді, бірақ оянған соң көбі оны есіне түсіре алмайды.
Аймақтар • 16 Қазан, 2025
Кейінгі екі жыл бедерінде Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Еліміздегі жасыл қалалардың санатына жататын Тараз шаһарында да төңіректі тегіс таза ұстау мақсатында біршама іс тындырылды. Ең бастысы, шаһар халқы экологиялық мәдениетке баса назар аудара бастағаны көңіл қуантады.
Жәдігер • 16 Қазан, 2025
Қаған композициясы толықтырылды
Қайбір жылы Елеке сазында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде көп жәдігердің ішінен белдіктің жапсырмасы ерекше көзге түскен. Сол жапсырмадағы қағанның құрылтай құрып отырған бейнесі реализм стилінде жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған еді. Құрылтай композициясы биыл толықтырылып, қағанның қасына қос көмекшісі сомдалды.
Ұлттық спорт • 16 Қазан, 2025
Жылыой ауданында дәстүрлі садақ атудан ашық турнир өтті. Сайыста еліміздің 12 өңірінен, Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан 100-ден аса спортшы бақ сынады.
Байқау • 16 Қазан, 2025
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында даңқты композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған республикалық дирижерлер байқауы өтті. Саусағынан сиқырлы саз төгілген музыка шеберлерін бір алаңда тоғыстырған өнер додасы екі күнге жалғасты.
Медицина • 15 Қазан, 2025
Талас ауданының прокуратурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар білім беру ұйымдарында балаларға профилактикалық медициналық тексерулерді ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмағанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.