Соңғы жаңалықтар
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Kazakhstan Growth Forum K25: бизнес пен билік экономикалық өсім көздерін талқылады
Бүгін Алматыда 500-ден астам кәсіпкердің, топ-менеджерлердің және Қазақстанның ірі компанияларының басшыларының басын қосқан Kazakhstan Growth Forum K25 өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Өзбекстанда шығарылған цемент өніміне жалған сәйкестік сертификаты берілген
Түркістан облысында белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімдер импортының тұрақты өсу тенденциясы елеулі алаңдаушылық туғызады. Өңірде тек тамақ өнімдері ғана емес, сонымен қатар азық-түлік емес тауарлар да бақылауға алынған. Олардың қатарында жиі өрт тудыратын кабельдік өнімдер, электр аспаптары, құрылыс материалдары және басқа да өнімдер бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Ақмола облысында 5 миллион тонна астық жиналды
Ақмола облысында қазірдің өзінде 5 миллион тонна астық жиналды. Бұл — егін ору жұмыстары әзірге тек 70 пайыз алқапта, яғни үш миллион гектардан астам жерде ғана жүргізілгеніне қарамастан қол жеткізілген көрсеткіш. Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биылғы өнім рекордқа жақын және былтырғы көрсеткіштен асып түсуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Маңғыстау туризміне арналған форум басталды
Ақтауда Туризм және спорт министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен Mangystau International Tourism Forum басталды. Форумға халықаралық ұйымдардың өкілдері, соның ішінде ТҮРКСОЙ мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы (ЭЫҰ), сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар, бизнес өкілдері, инвесторлар және сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2025
Ұлыбританиядағы өнеркәсіп аймағындағы қоймада жарылыс болды
Ұлыбританияның Уилтшир графтығында төтенше жағдай орын алды. Суиндон қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан қоймада күшті жарылыс болып, артынша алапат өрт тұтанған. Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтердің күшейтілген тобы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Sky News-ке сілтеме жасап.
Ауыл • 25 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары интернет игілігін пайдалана бастады
Еліміздегі жетекші ұялы байланыс операторы Ксеll 2025 жылдың басынан бері ауылдық елді мекендерде 4G желісін кеңейту жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Осы жылдың өзінде елімізде барлығы 712 ауылда жоғары жылдамдықты 4G ұялы интернет қолжетімді болды. Соның ішінде 243 – Түркістан (78), Қызылорда (38), Маңғыстау (36), Ақтөбе (25), Атырау (20) және өзге өңірлердегі ауылдарда алғаш рет 4G базалық станциялары орнатылып, мыңдаған тұрғын тұрақты әрі сапалы байланыспен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
94 жастағы қария қажылыққа жинаған қаражатын сырқат балаларға бөліп берді
«Қисайғанды түзетсең, жылағанды уатсаң, Тәңірінің үйі Бәйтолла қарсы алдыңнан келеді» деп жырлаған бабаларымыз кісі көңілін көтеру Қағбаны көтерумен, ал оны қирату Қағбаны қиратумен тең екенін айтып кеткен. Павлодардағы қарттар үйінде тұратын 94 жастағы Сағадат Жұмабаев ақсақал да қажылыққа бару үшін өмір бойы ақша жинаған екен. Бірақ соңғы сәтте сырқат бала тәрбиелеп отырған аналарға шапағат етіп, қаражатын 30 әйелге бөліп берген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Риддер қаласына 30 қыркүйекте жылу беріледі
Риддер қаласында жылыту маусымы басталады. Алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріліп, содан кейін тұрғын үйлер мен басқа да мекемелер қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артқан
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өсіп, 11 543,1 млрд теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 25 Қыркүйек, 2025
Атом электр станциясына атау беру үшін конкурс жарияланды
Қазақстанда алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс басталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Қыркүйек, 2025
«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтың жағдайы белгілі болды
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 14 қыркүйек күні «Ақтөбеге» қарсы ойында ауыр жарақат алған қақпашы Темірлан Анарбековтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген
Ел экономикасының әлеуетін әлдендіру үшін туризмнің тетігі көп. Соның бірі – медициналық туризм. Қазақстан ем алу үшін елімізді таңдайтындар есебінен Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы. Себебі еліміздегі 9 медициналық ұйым саланың «Оскарына» баланған халықаралық Joint Commission International аккредиттеуін алған. Жоғары талап үддесінен табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. 24 қыркүйек күні Мәжілістің жалпы отырысында Respublica партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау отандық медицинаның осы бір артықшылықтарын алға тарта отырып, Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай операторды құру ұсынысын ортаға салды. Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған Joint Commission International аккредитіне Қырғызстан қол жеткізбеген болса, Өзбекстанның 2 медициналық орталығы иемденген. Бұл көрсеткіш Қазақстанның салада көш бастауына зор мүмкіндік көзі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 25 Қыркүйек, 2025
Парижде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті
Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың көрнекті күйші-композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 25 Қыркүйек, 2025
Алматыда трамвай қозғалысы қайта жандануы мүмкін. Қала билігі жаңа желінің бағытын белгілеп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп жатыр, деп жатыр Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2025
Енді электронды сауда тауарлары декларацияланады
Сенат Қазақстан Республикасының «2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстандықтарға АҚШ-қа тауар салуға уақытша тыйым салынды
«Қазпошта» АҚ Америка Құрама Штаттарындағы алушыларға пошта жөнелтілімдерін қабылдау мен жеткізу уақытша тоқтағанын айтты. Бұл шектеу АҚШ-тың Кеден және шекара қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне байланысты, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Қыркүйек, 2025
«Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, бірақ айтарлықтай құбылмалы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 25 Қыркүйек, 2025
Apple бүктелетін iPhone жобасын жеделдетті
Әлемдік технология алпауыты Apple жаңа смартфон әзірлеуде белсенді қадам жасап отыр. Nikkei Asia жариялаған деректерге қарағанда, компания Тайванда сынақтық өндіріс алаңын іске қосып, бүктелетін iPhone моделін жасауға кіріскен. Бұл көптен бері қауесетке айналған өнімнің нақты жүзеге асуына жақындағанын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 25 Қыркүйек, 2025
Палестинаны мойындаған мемлекеттер саны артты
Әлемдік аренада Палестинаны мемлекет ретінде тану қарқыны күшейді. Соңғы аптада Еуропаның бірқатар елдері – Франция, Люксембург, Мальта, Монако, Андорра, Сан-Марино және Бельгия ресми түрде Палестинаны мойындады. Бұған дейін Канада, Австралия, Португалия және Ұлыбритания да осындай қадам жасаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 25 Қыркүйек, 2025
Түнде Алатау ауданы, Солтүстік айналым шағын ауданындағы сауда базарының аумағында тез тамақтану дүңгіршегі өртеніп, жалын металл контейнеріне тараған. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп алапат өрттің алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллект қызметін реттейтін заң қабылданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында комитеттер бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Әлемге сенім мен ашықтыққа негізделген консенсус қажет
Осы күндері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-сессиясы жаһандық күн тәртібінің басты оқиғасына айналғанын көріп отырмыз. Дүниенің әр түкпіріндегі мыңдаған адам саммит алаңдарындағы кездесулер мен сөйлеген сөздерге ерекше ден қойып, әлем көшбасшыларынан Жер шарын бейбітшілік пен келісімге бастайтын жаңа шешімдер күтті.
Форум • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақ-қырғыз бауырластығы – бабалар аманаты
Алатаудың арғы-бергі бетін тең жайлаған қазақ-қырғыз бауырластығы – сан ғасырға жалғасқан достық пен жанашырлықтың жарқын үлгісі. Бейбіт өмірдің қызығын бірге кешкен екі жұрт ел басына күн туған қиын шақта да бір-біріне тірек бола білді. Ал бүгінде тәуелсіз мемлекеттер ретінде байланыстарын жаңа белеске көтеріп, өзара ынтымақ пен бірлікке бастайтын іс-шараларда бас қосып келеді. Соның бірі – көп жылдан бері өтіп келе жатқан Қазақ-қырғыз зиялыларының форумдары.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Қауіпсіздік архитектурасын қалпына келтіруге шақырды
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі. Мемлекет басшысы халықаралық қоғамдастыққа арнаған мазмұнды және маңызды үндеуінде қазіргі таңдағы өзекті сын-қатерлерге назар аударып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік, орнықты даму және цифрлық өзгерістер саласындағы бағдарына ерекше тоқталып өтті.
ЖОЛДАУ • 25 Қыркүйек, 2025
Зейнетақы жүйесін нығайтатын ұстаным
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде зейнетақы жүйесін жетілдіру – уақыт талабы. Жинақтың тұрақтылығы мен болашақтағы әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында аталған жүйені қайта қарау керектігін атап өтті.
Айбын • 25 Қыркүйек, 2025
«Ақтас» полигонындағы жауынгерлік жаттығу
Шымкент қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілері арнайы оқу-жаттығу жиынына қатысты. Қарулы күштер сапына қайта қосылған шымкенттік азаматтар «Ақтастағы» оқу-жаттығу полигонында он күн болып қайтты.
Салық • 25 Қыркүйек, 2025
Жаңа Салық кодексі әкімшілік жүктемені азайтады
Ел кәсіпкерлеріне жаңа жеңілдік дайындалып жатыр. Апта соңына дейін «Ашық НҚА» порталында арнайы салық режімін пайдалана алатын және осы жеңілдік жүрмейтін кәсіп түрлерінің тізімі шығады. Бұл туралы Астанада өткен жаңа Салық кодексін түсіндіру семинарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2025
Кейінгі жылдары елімізде ауыл халқы азайып, қала тұрғындары көбейіп келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы 12,9 млн халық қалада, 7,4 млн тұрғын ауылда тұрып жатыр.
Экономика • 25 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның астық нарығы: жаңа мүмкіндіктер, ескі мәселелер
2025 жылы Қазақстан бидай мен ұн экспортын 34%-ға арттырды. Бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш болып, еліміздің өңірлік және жаңа сыртқы нарықтардағы ұстанымдарын нығайтуды қамтамасыз етті. Алайда, оң динамикаға қарамастан, елдің агроөнеркәсіптік саласы жүйелі проблемаларға тап болып отыр.
Пікір • 25 Қыркүйек, 2025
Халықаралық қатынастағы әлеуетіміз айшықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында жаһандық күн тәртібіне қатысты маңызды ой-толғамын ортаға салды.