Соңғы жаңалықтар
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Бейжіңде төтенше жағдай жарияланды
Қытайдың Су ресурстары министрлігі Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында төртінші деңгейлі су тасқынына қарсы төтенше жағдай тәртібін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
АҚШ Үндістанға салынатын салықты 50%-ға көтерді
Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Үндістаннан келетін кейбір тауарларға кедендік мөлшерлемені 25%-дан 50%-ға дейін арттырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Испанияда орман өртіне қатысы бар 48 адам ұсталды
Испанияда орын алған жойқын орман өрттеріне адамдардың әдейі қатысы болуы мүмкін деген болжам жасалды. Бірқатар өрт оқиғалары қасақана ұйымдастырылғаны белгілі болды. Тамыз айында полиция 48 адамды өрт қоюға күдікті ретінде қамауға алып, тағы 134 іске байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
ІІ Абдалла Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары орденімен наградтады
ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 27 Тамыз, 2025
Мәжіліс спикері Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасымен кездесті
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті. Тәжікстан Парламентінің жоғарғы палатасының басшысы Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бен әл-Хусейн келіссөзді екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 27 Тамыз, 2025
Қазақстан мен Иордания экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтеді
Қазақстан мен Иордания арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды, инвестициялық әріптестікті және өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады. Кездесуде тараптар энергетика, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі, фармацевтика, IT және цифрландыру, көлік логистикасы, туризм, сондай-ақ гуманитарлық және білім беру салалары бойынша өзекті тақырыптарды қарастырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Тамыз, 2025
Еліміздегі 11 әуежайда авиакеросин бағасына байланысты тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ел аумағындағы 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұған әуе отыны нарығына жасалған талдау негіз болған. Зерттеу нәтижесі бойынша авиакеросин құнының негізсіз қымбаттағаны анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Астанаға шақыруын қабыл алғаны үшін Корольге алғыс айтып, жыл басында Амманға жасаған сапарын ықыласпен еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Қостанайда тәртіп сақшылары балаларға жол қауіпсіздігін үйретті
Қостанайда тәртіп сақшылары бірнеше балабақшаға барып, жол қауіпсіздігі ережелері туралы сабақ өткізді. Іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Ақордада Иордания Хашимит Королдігінің Королін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Иордания Хашимит Королдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
Жолдау 2024: Елімізде қоқысты бөлек жинау жүйесі қарқынды түрде енгізілуде
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде қоғамда қалдықтарды кәдеге жарату әдетін қалыптастыру және қоқысты бөлек-бөлек жинау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Түркістан облысында алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Өңірде соңғы жылдары қыс айларында жылуға қатысты мәселе Кентау қаласында жиі көтеріліп келген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Тамыз, 2025
Шығыста күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
1-қыркүйектен 31-желтоқсанға дейін Шығыс Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны жүреді. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес мерзімді әскери қызметке 18-бен 27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға негізі жоқ ер азаматтар шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан» акциясы миллиондаған адамдарды біріктірді
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғалы елімізде 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізіліп, оған 10,4 млн-нан астам адам қатысты, оның ішінде 586 мыңы ерікті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
eGov пен Aitu қызметтеріне нөлдік тарифтеу енгізіледі
Бүгін Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Цифрлық штаб отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының цифрландыру саласындағы алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бағытында бірқатар шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 27 Тамыз, 2025
Сарапшылар базалық мөлшерлеменің өзгеріссіз қалу себебін түсіндірді
29 тамызда, Ұлттық банк қазіргі уақытта 16,5% құрайтын базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімді жариялайды. Биыл инфляциялық қысымның күшеюін ескере отырып, реттеуші монетарлық саясатты қатаңдатқан: наурызда мөлшерлеме 15,25% -дан 16,5% -ға дейін өсті, содан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Трамп Украинаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін
АҚШ тек Ресейге ғана емес, егер бейбіт келіссөздер сәтсіз аяқталатын болса, Украинаға да санкциялар мен кедендік баж салығын енгізуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NDTV-ге сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Тамыз, 2025
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн күтіледі. Тек батыс пен солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тарихи жеңісі қанша табыс әкелді
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Шотландияның «Селтик» командасын пенальти сериясында жеңіп, алғаш рет UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ЖОЛДАУ • 27 Тамыз, 2025
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан астам көшет егілді
Президенттің 2024 жылғы Жолдауын және басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру және орман алқаптарын көбейту жұмыстары жалғасып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Тамыз, 2025
Доллар бағамы 535 теңге деңгейінде тұрақтады
2025 жылғы тамыздың соңында АҚШ долларының теңгеге бағамы бір доллар үшін 535 теңге белгісіне жақын тұрақталды. Бұл деңгей бірнеше аптадан бері теңгемізді баланстық нүктеге айналдырды, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 27 Тамыз, 2025
Медицина – зор жауапкершілікті қажет ететін сала. Ал, ақ халатты жандардың ішінде науқастың алғашқы сенімін сезінетіндер – мейіргерлер. Астана әкімдігінің ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК емшара кабинетінің және онколог дәрігерінің мейіргері Гүлнұр Нұриманова осы мамандыққа жүрек қалауымен келген жан. Медицина саласында еңбек етуді қаршадайынан армандаған Гүлнұр Әділқызының айтуынша, «мейіргер» атауының өзі мейірім ұғымынан шыққан.
Бокс • 27 Тамыз, 2025
Жиырма боксшы жаһандық бәсекеде жұдырықтасады
Қыркүйек айының 4-14 күндері аралығында Ливерпуль (Ұлыбритания) қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Йемен астанасында Израиль әуе шабуылынан он адам қаза тапты
Израиль әскері бұл операцияны Қызыл теңіздегі шабуылдарға жауап ретінде түсіндіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Молдова Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Тамыз, 2025
Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды. Сондай-ақ отырыста алдағы жылыту маусымына дайындық жұмысы пысықталды.
Футбол • 27 Тамыз, 2025
«Қайрат» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама жеңіп алды
Алматылық «Қайрат» футбол клубы плей-офф раундының қарымта матчында шотландиялық «Селтикті» өз алаңында жеңіп, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Тамыз, 2025
Ынтымақтастықты дамытатын ортақ мүдде
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізге ресми сапармен келген Тәжікстан Республикасының Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалимен кездесті.
Заң мен Тәртіп • 27 Тамыз, 2025
Жаңарған Конституцияның әлеуеті
Еліміздің бүгінгі Конституциясы – жаңарған заман талабына сай жасалған құжат. Ата заңымызда бекітілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, билік тармақтарының бөлінісі, мемлекет пен қоғам арақатынасының өркениетті формасы құқықтық мемлекет пен демократиялық институттардың дамуына жол ашты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен кейінгі жылдары Ата заңға енгізілген өзгерістер елді түбегейлі жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды.