Соңғы жаңалықтар
Қылмыс • 23 Тамыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды.
Ғалам ғажаптары • 23 Тамыз, 2025
Француз әртісі Мишель Лотито жұртты өзінің ерекше «диетасымен» таңғалдырған. Ол мүлде жеуге келмейтін заттарды жеуімен танымал болды. Көрсетілімдерінде велосипедтерді, теледидарларды және әйнек, металл, резеңке секілді заттарды жұта беретін.
Ғалам ғажаптары • 23 Тамыз, 2025
Кейде қарапайым ғана дүниені өзіміздің қорқынышымызбен күрделендіріп аламыз. Ал егер оған жеңіл қарасақ, нәтижесі таңғаларлық болуы мүмкін. Мұның айқын дәлелі – АҚШ математигі Джордж Данцигтің бастан өткерген оқиғасы.
Ғалам ғажаптары • 23 Тамыз, 2025
1983 жылы аустралиялық фермер Клифф Янг 61 жасында алғаш рет 875 шақырымдық ультрамарафонға қатысып, кәсіби спортшыларды шаң қаптырды.
Абай • 23 Тамыз, 2025
Бұқар жырау ауданында кемеңгер Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай әдеби аялдамалар желісі құрылып келеді. Енді жолаушылар аялдамада ақынның өлеңдерін оқиды.
Оқиға • 23 Тамыз, 2025
Оны барлық ауыл адамы осылай атайтын. Бұған дейін бізбен қабырғалас көрші болған Айтжан ағаның отбасы басқа жаққа қоныс аударды да, оның үйіне Дәметкен апа көшіп келді. Жүзі жылы, мінезі ашық, жайдары жан болатын. Көпбалалы ана еді. Үлкен ұлы Бидос ауылдағы озат шопанның бірі. Аудандық, облыстық газет бетінен суреті түспейді. Басқа балалары да қызмет істейді. Дәметкен апа – Қатша кемпірдің кіші қызы. Одан үлкен тағы екі қызы бар. Бірі – аудан орталығында, екіншісі ауылда тұрады.
Зерде • 23 Тамыз, 2025
Жуырда Қызылжарда «Мағжан орталығының» ашылғаны белгілі. Сонда болған бір ерек оқиға осы мақаланы жазуға түрткі болды.
Әскер • 22 Тамыз, 2025
Әскерилерге бөлінетін қаражат – ең алдымен адамға бағытталуы тиіс
Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің айтуынша, қорғаныс саласына бөлінетін қаржы ең алдымен әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы қажет, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 22 Тамыз, 2025
Қырғызстан депутаты: Бауырластықты білім мен мәдениет нығайтады
Қырғызстанға ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстарды нығайту мақсатында маңызды кездесулер өткізді.
Өнер • 22 Тамыз, 2025
Аман Бақтығалиұлы шығармалары насихатталды
Мемлекеттік орталық музейде Қазақстанның көрнекті суретшісі, графика және кескіндеме жанрларының хас шебері Аман Бақтығалиұлының 80 жылдық мерейтойына арналған мемориалдық көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Тамыз, 2025
Түркістанда жас ақындар айтысы өтті
«Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысы еңбек адамдарын насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына және ҚР Мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Әбдікерім Манаптың 70 жылдығына арналды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 22 Тамыз, 2025
Заң үстемдігі – кемел қоғамға бастар жол
Астанада Конституция күніне орай «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды. Жиында «Заң мен тәртіп» қағидасының жүзеге асуы, қоғамның құқықтық сауатын арттыру жолдары, осы саладағы реформалар талқыланды.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Биыл Конституцияға 30 жыл. Осыған орай 31 тамыз күні елордада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы ақын-сазгер, Мәдениет саласының үздігі, республикалық патриоттық әндер байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қанатында» атты шығармашылық кешін ұйымдастырады.
Технология • 22 Тамыз, 2025
Қостанай облысы жасанды интеллектке басымдық беретін цифрлық трансформация стратегиясын ұсынды
21–22 тамыз күндері Қостанайда Qostanai Investment Forum 2025 өтті. Ол аймақта цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және жоғары технологиялық жобаларға инвестиция тарту мәселелеріне арналған ең ірі өңірлік алаңға айналып, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастық пен IT-индустрияның өкілдерін біріктірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы мектеп-гимназияға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Алматыда Human Capital форумы өтті
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Алматы қаласында өткен халықаралық Human Capital forum-на қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 22 Тамыз, 2025
Астанада Конституцияның 30 жылдығы қалай атап өтіледі
Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылады. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандықтар Конституция күніне орай неше күн демалады
Биыл Конституция күні – 30 тамыз сенбіге түседі. Еңбек кодексіне сәйкес, мереке күні демалыс күнінің үстіне түссе, келесі жұмыс күні де демалыс болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Жаңа саябақ «Тұран-2» шағынауданында орналасқан. Жалпы ауданы 2,7 гектарды құрайтын саябақ демеушілер есебінен салынған. Паркте жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, субұрқақ, балалар мен спорт алаңшалары және автотұрақ қарастырылған. Сонымен қатар 1,8 гектар аумақты қамтитын көгал төселіп, түрлі қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Қазақстан-Қырғызстан Президенттері «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты
Мемлекеттер басшылары Бішкек қаласындағы Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Мереке қарсаңында арнайы санаттағы тұрғындарға бір реттік көмек беріледі
Аталған қолдау шарасы Конституцияның 30 жылдығына орай Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен «Шымкент қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 22 Тамыз, 2025
ҚазҰУ-да Орталық Азияның IT мамандары бас қосты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде AWS Community Day Central Asia 2025 атты ауқымды өңірлік форум басталды. Жиынға AWS Heroes, Community Builders сарапшылары, сондай-ақ Канада, Германия, Испания, Қазақстан және Өзбекстаннан келген арнайы қонақтар қатысты. Шара аясында инженерлер, архитектура мамандары, стартап өкілдері, студенттер мен IT-сала көшбасшылары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Тамыз, 2025
Бектенов жол сапасына қатысты заңбұзушылықтарды сынға алды
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған міндеттерді ескере отырып, саланың ағымдағы жағдайы мен даму жоспарлары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 22 Тамыз, 2025
Ауыл мектептерінің өкілдері Қарағандыда бас қосты
Елімізде алғаш рет қала мен ауыл мектептерін тең дамытуға бағытталған барлық отандық білім беру операторлары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ аясында бас қосты. Қарағанды облысы Осакаров ауылындағы Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектепке 200-ден астам мектеп басшысы келсе, онлайн форматта 4 мыңға жуық мұғалім қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Тамыз, 2025
Қазақстандық ескекші жаһандық жарыстың финалына шықты
Миланда (Италия) өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден 50-ші әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Сергей Емельянов финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Бақытжан Байжановқа жасалған рақымшылық заңды күшіне енді
Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты қылмытық іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Тиісті сот шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Тоқаев Қырғызстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Тамыз, 2025
Қазіргі қоғамда адам өзін қалай көрсеткісі келетінін ең әуелі әлеуметтік желіден байқауға болады. Бүгінде әрбір суретті жариялау, пост жазу, пікір қалдыру – барлығы да ой елегінен өтіп, есеппен жасалады. Көпшілік мұны жай ғана «заман талабына бейімделу» деп түсінеді. Алайда психологтар бұл үрдістің түбінде «нарциссизм» деген ұғым жатқанын айтады. Осы орайда біз өзімізді тым артық сүйіп, өзгелердің назарынсыз өмір сүре алмайтын деңгейге жеткен жоқпыз ба деген сұрақ туындайды.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2025
Полицейлер балаларды цифрлық қауіпсіздікке үйретті
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кәмелетке толмағандар арасында киберқылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр. Оқушылармен кездесулер цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған түсіндіру науқаны аясында өткізіліп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 22 Тамыз, 2025
Президенттер жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.