Ай
Қоғам • 13 Мамыр, 2026
Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Мамыр, 2026
Санкцияны айналып өту: Марко Рубио Қытайға кіру үшін есімін өзгерткен бе?
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Қытайдың өзіне қарсы салған санкцияларына қарамастан, Бейжіңге ұшып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Мамыр, 2026
Нұрай Серікбай ісі: Жаңа күдіктілер анықталған жоқ
Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша істі тергеу кезінде жаңа күдіктілер анықталған жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 13 Мамыр, 2026
Серік Жұманғарин: Мұнай өндірісі ақсамағанда, ІЖӨ өсімі 6%-дан асар еді
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан жоспарланған көлемнен шамамен 5 млн тонна мұнайды өндіре алмаған. Осының салдарынан жыл басынан бергі ІЖӨ-нің өсімі төмендеген. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
Автоқоңырау мен шетелдік нөмірлер арқылы жасалатын шабуылдарға қашан тосқауыл қойылады?
Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке автоматты қоңыраулар мен байланыс операторлары арасындағы бәсекеге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 13 Мамыр, 2026
Сайлау шығындары үшін ақша қайдан алынады?
Мәжілісте cайлауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Талқылауда Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сайлау шығындары қай бюджеттен төленетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 13 Мамыр, 2026
Мектеп мұғалімі олимпиадаға дайындалудың құпиясын бөлісті
Пәндер олимпиадасы – білімді ғана емес, ой тереңін, табандылық пен талапты қажет ететін интеллектуалдар алаңы. Еліміздің әр өңіріндегі дарынды оқушылар үшін республикалық додада жеңіске жету оңай емес, жүйелі дайындық керек. Осы ретте Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің әдістеме жетекшісі, пәндер олимпиада командасының жаттықтырушысы Назерке Сайлаумен білім додасының қыр-сыры туралы сұхбаттастық.
Заң мен Тәртіп • 13 Мамыр, 2026
«Қазақмыстан» бір тоннадан астам жанармай ұрлаған топ ұсталды
Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпороциясының нысандарынан жанармай мен кен ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 13 Мамыр, 2026
Бұршақ жауып, күн күркірейді: 13 мамырға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» мамандары 13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстік өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталса, оңтүстік пен батыста күн жылынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Мамыр, 2026
Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды
АҚШ-тың мәнерлеп сырғанаушысы, әлемнің үш дүркін чемпионы әрі Олимпиада чемпионы Илья Малинин спорттық мансабында үзіліс жасауы мүмкін. Бұл туралы ол Халықаралық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Аналар күніне орай «Жүрек көзімен көретін ана» атты инклюзивті байқау өтті. Аталған шараның басты мақсаты – көру қабілеті шектеулі аналардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың өмірге деген құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін және аналық мейірімін көпшілікке таныту болды. Кеш Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ұйымдастырылып, ерекше жандарға құрмет пен қолдау көрсетуді көздеген тағылымды басқосуға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Мамыр, 2026
Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады
Жаз айларында еліміздің бірқатар өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 12 Мамыр, 2026
13 млн теңге айыппұл: Қазақстанда қандай гүлдерді жұлуға болмайды?
Бақбақ гүлін жұлғаны үшін 13 млн теңгеге жуық айыппұл салынады деген ақпарат тарады. Алайда бұл тыйым бақбақтың барлық түріне емес. Бұл Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін өсімдікке ғана қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2026
Араб инвесторы Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салуы мүмкін
Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) IMFK Fuel Trading компаниясы Маңғыстау облысында ірі мұнай-газ химиясы кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы құны 8 млрд долларға бағаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Қаламгер Есболат Айдабосын «Меценат» байқауының жеңімпазы атанды
«Жетісу» телерадиокешені мен радиосының басшысы, танымал қаламгер Есболат Айдабосын «Бүкір» романымен беделді «Меценат» әдеби сыйлығының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Мамыр, 2026
Алматы маңында мектеп оқушысы мұғалімге қол көтерді
Әлеуметтік желілерде жоғары сынып оқушысының мұғалімге қол көтерген видеосы тарады. Алматы облысының білім басқармасы бұл оқиғаның биыл қаңтар айында болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Мамыр, 2026
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт арзандады. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты хабарлар себеп болып отыр. Тараптар қақтығысты бәсеңдету және Ормұз бұғазын ішінара ашу мәселесін талқылап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2026
Мамыр айында қазақстандықтар мұсылман қауымы үшін ең қасиетті мерекелердің бірі – Құрбан айтты атап өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Мамыр, 2026
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
«Қазгидромет» алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен болатынын ескертті. 13 мамырда үсік оңтүстік-шығыс өңірлерде де күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Мамыр, 2026
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
MV Hondius круиздік лайнерінде болған 17 америкалық АҚШ-қа жеткізілді. Олардың бірінен хантавирус инфекциясы расталса, тағы бір жолаушыда жеңіл белгілері байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Мамыр, 2026
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Түркияның Анталья провинциясындағы Серік ауданында Қазақстан азаматы жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Қайғылы оқиға туристік бағыттағы тасжолда түнгі уақытта болған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2026
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен жаңа Конституциясы Гималайдағы Айленд-Пик (Имджа-Це) шыңына, 6189 метр биіктікке көтерілді. Бұл миссияны әйгілі қазақстандық альпинист Ғалымжан Құсманов жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 11 Мамыр, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 11 мамырға арналған дауылды ескерту жариялады. Елдің 16 өңірінде түнгі үсік, найзағай, бұршақ, екпінді жел және өрт қаупі болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 10 Мамыр, 2026
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Италияның солтүстігіндегі жағалауда орналасқан Валлекрозия қаласы интернеттегі іздеу жүйелерінің алгоритмін «алдап», туристерді көбірек тарту үшін ресми атауын өзгертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Мамыр, 2026
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Америкалық «Frontier Airlines» әуе компаниясының «Airbus A321» ұшағы Денвер халықаралық әуежайында ұшу жолағында адамды қағып, мерт қылды. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні кешке болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 10 Мамыр, 2026
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» бүгін, 10 мамырда еліміздің барлық өңірінде ауа райының күрт нашарлайтынын мәлімдеді. Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Мамыр, 2026
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2026
Әскери дипломаттар Қытайда қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті
Қытай Халық Республикасының Хэбэй өлкесіндегі Чжанцзякоу қаласына қарасты Чжанбэй уезінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 81 жылдығына орай кеңес және моңғол жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 09 Мамыр, 2026
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Мамыр, 2026
Айдын және Анар Рахымбаевтар байлығының жартысын қайырымдылыққа береді
Қазақстандық кәсіпкерлер Айдын мен Анар Рахымбаевтар халықаралық The Giving Pledge («Қайырымдылық анты») бастамасына қосылып, өз байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа бағыттайтынын жариялады. Олар бұл жобаға қосылған Орталық Азиядағы алғашқы өкіл атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.