елорда
Аймақтар • 28 Маусым, 2021
Елордада күн сайын 200-ге жуық адам коронавируспен ауруханаға түсуде
Елордада күн сайын 200-ге дейін науқас коронавируспен аурухана жатқызылуда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Маусым, 2021
Елордадағы LRT құрылысы қайта басталды
Елордадағы LRT құрылысының алаңында құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық басталды. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2021
Қазақстандықтарға алаяқтарға қатысты ескерту жасалды
Алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» ХҚКО қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Маусым, 2021
Елордада шетелдік аспаз өзі жұмыс істейтін дәмхананың терминалын тонаған
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен Өзбекстан Республикасының 46 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Маусым, 2021
Ashyq: Нұр-Сұлтанда дәмханаға барған тұрғынға 88 мың теңге айыппұл салынды
Нұр-Сұлтанда Ashyq-та «қызыл» статусы бар тұрғынға қоғамдық тамақтану нысанына барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Egemen.kz.
Спорт • 26 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтандағы спорт ұйымдарының қызметкерлері Елбасы тестілерін тапсырады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Qazaqstan» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының тестілерін тапсыру басталды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Маусым, 2021
Елордада С.Бердіқұлдың құрметіне шағын футболдан республикалық турнир өтеді
Елордада бұқаралық ақпарат құралдары арасында шағын футболдан республикалық жарыс өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда жұмысшылары вакцина алмаған құрылыс нысандарының жұмысы тоқтайды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцинацияланған қызметкерлердің қатары аз болса нысанның жұмысы тоқтайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады
Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар арасында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Маусым, 2021
Елордада сервистік полиция учаскесі ашылды
Орталық Азия аумағындағы теңдессіз пилоттық жоба қаланың Алматы ауданында іске аса бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 25 Маусым, 2021
Елордада «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады
Нұр-Сұлтан қаласында жыл соңына дейін «Цифрлық үкімет» кеңсесі ашылады. Бұл туралы QazExpoCongress ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Аллен Шәйжүнісов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Елордада 100 мыңдай кәсіпкер салықтан босатылды
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында пандемия кезінде кәсіпкерлерге жасалған жағдайды айта келе 97 мыңнан астам кәсіпкер жалпы сомасы 31 млрд теңге болатын салықтан босатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 25 Маусым, 2021
Астанада «Журналистер аллеясы» ашылады
Нұр-Сұлтан қаласында интернетке тегін қосылу мүмкіндігі қарастырылған «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-те жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Елордада еріктілердің бастамасын қолдауға арналған гранттар байқауы өтеді
Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы 14-29 жас аралығындағы белсенді жастар арасында волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған шағын гранттар байқауын өткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
27 маусымнан бастап елордада карантин күшейтіледі
Отбасылық, бұқаралық іс-шараларды, үйлену тойын, мерейтойлар өткізуге және қатысуға тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Маусым, 2021
Елорда әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жасалады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігінің, оның аудандық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды. Талдау жүргізу барысында елорда әкімдігінің құқықтық базасы мен ұйымдастыру-басқару қызметін егжей-тегжейлі зерделеу жоспарлануда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда 91 жастағы әже коронавирустан емделіп шықты
Елорданың 91 жастағы тұрғыны Ирина Хлебникова маусым айының басында «коронавирус» диагнозымен №3 көпбейінді қалалық ауруханаға шұғыл жатқызылған болатын. Ұзақ емделіп, қалпына келген соң әжей аяғынан тұрып, үйіне қайтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Елорда • 24 Маусым, 2021
Елордада Қазақстанда шығарылған көліктердің көрмесі өтуде
Елордада Automechanica Astana және Futuroad Expo Astana халықаралық көрмесі ашылды. Көрме 26 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2021
Жексенбі күні елордада қоғамдық көліктер жүрмейді
Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қызметі тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Вакцина салдырған елордалықтар 2 бөлмелі пәтер алуы мүмкін
Елорда тұрғындары вакцина алу арқылы 2 бөлмелі пәтер ұтып алуы мүмкін. Мұндай жаңалықпен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Вакцина алмағандар қашықтан жұмыс істейді – Алтай Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Дельта» штаммын жұқтырған науқастар анықталғанын айта келе, карантиндік талаптарды қатаң түрде сақтау керектігін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Елордалық полицейлерге жаңа қызметтік көліктердің кілті табысталды
Кәсіби мереке күнінде елорда әкімі Алтай Көлгінов елордалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Елордалық волонтерлер COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды
Қалалық волонтерлер штабының еріктілері Abu Dhabi Plaza СОО-дағы вакцинация пунктіне барып, COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 23 Маусым, 2021
Елордада халықты вакциналау көрсеткіші 50% төмендеген – ВАК
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда қызметкерлер үшін міндетті ПТР-тест талабы енгізіледі
ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында карантинді күшейту жөніндегі ұсыныс қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда пациенттердің 56%-ынан үнді штамы анықталды
COVID-19 ауруының күрт өсуін және үнді штаммының ықтималдығын ескере отырып, Нұр-Сұлтанда қосымша тексеруге 54 науқастың сынамасы алынды. Олардың ішінде пациенттердің 56%-ында үнді штаммының ықтималдығы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2021
Елорда тұрғыны 14 млн теңгенің дизель отынын заңсыз сатқан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті елорда аумағында дизель отынын заңсыз сату дерегі бойынша қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Маусым, 2021
Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 40 пайызға артты
Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға артып кетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Елордаға жарысқа келген спортшылар қонақүйде төбелес шығарған
20 маусымда елорда полиция қызметінің «102» нөміріне Қорғалжын тасжолында орналасқан қонақүйдің нөмірінде белгісіз біреу ер адамға пышақ салып, оқиға орнынан ізін жасырғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаментіне cілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында күніне COVID-2019 инфекциясының 250-300 жағдайы анықталатынын айта келе санитарлық талаптарға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.