Медицина • 29 Шілде, 2021

Биыл елордада 150 мыңға жуық науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 147 173 елордалық Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры тарапынан тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл елордада 150 мыңға жуық науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды

2021 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 5, 43 млрд теңге сомасына 438 057 тегін рецепт бойынша 147 173 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Бұл жөнінде Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров ZOOM платформасында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қор денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерген.

«Биыл бұл мәселені шешуде ілгерілеу бар, алдағы уақытта да бұл проблемаға мониторинг жүргізілетін болады. Себебі, біздің қор пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша СҚ-Фармация және медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды», деді ол филиал директоры.