и
Өндіріс • 02 Желтоқсан, 2025
Отандық өндірушілерге жеңілдікпен берілетін шикізат саны артады
Бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев отандық кәсіпорындарға жеңілдікпен шикізат беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Министрдің айтуынша, қазір еліміздегі өндірушілер, алдымен отандық нарықты шикізатпен қамту керек. Одан кейін ғана шетке экспорттауға лицензия беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Желтоқсан, 2025
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
7 желтоқсан күні отандасымыз, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу үшін кубалық Эрисланди Лараға қарсы тарихи жекпе-жек өткізеді. Қазақстан уақытымен 6: 00-де басталатын жекпе-жекті «Qazsport» және «Qazaqstan» арналары тікелей эфирде ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Желтоқсан, 2025
Елімізде қанша шетелдік студент білім алып жүр?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің жоғары оқу орындарында 88 мемлекеттен келген 35 075 шетелдік студент білім алып жатыр. Кәсіби білім үшін Қазақстанды таңдайтын шетелдік жастардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артқан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2025
Алматы-Бішкек тас жолында ірі апат болып, жеті адам қаза тапты
Алматы-Бішкек тас жолының 129-шақырымында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, салдарынан жеті адам мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Толық циклді жоба: Түркістанда ірі мақта өсіру кешені құрылады
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 02 Желтоқсан, 2025
Астана мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды
Синоптиктер 2 желтоқсанда Астана қаласында және еліміздің 16 өңірінде дабылды ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Әйел әлемі • 01 Желтоқсан, 2025
Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер қандай тексеруден тегін өте алады?
Денсаулық сақтау министрлігі әйелдердің денсаулығын нығайту және ана мен балаға қауіпсіз жүктілік қалыптастыру үшін жаңа шаралар қабылдап жатыр. Бұл жұмыстар «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасы аясында жүргізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 01 Желтоқсан, 2025
Министрлік: АИ-92 бағасы өседі деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Энергетика министрлігі жанар-жағармайға қатысты баға мораторийі әлі де күшінде екенін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда 2026 жылдан бастап АИТВ-ға қарсы инновациялық препарат қолданылады
Қазақстан дәрігерлері АИТВ-инфекциясын емдеу тиімділігін арттыруда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп отыр деуге негіз бар, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Аустралияның Сидней қаласындағы Crown казиносында Қазақстаннан барған ерлі-зайыпты жандар жасырын камера мен құлаққаптарды пайдаланып, 1,18 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл Алматы облысына барған туристер саны 2,2 миллион адамға жеткен
Президент Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қабылдады, деп жазады Ақорда.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2025
Енді қытайлықтар Ресейге визасыз кіре алады
Ресей Қытай азаматтарына ел аумағына туристік, іскерлік және бірқатар гуманитарлық мақсаттармен визасыз кіруге мүмкіндік берді. Жаңа тәртіп 30 күнге дейін есептелген сапарларға қолданылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Автолизинг бағдарламасы іске қосылып, мөлшерлеме төмендетілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша автолизинг бағдарламасы енгізіліп отыр. Жаңа жүйе – салоннан шыққан жаңа көліктерге ғана арналған, ал, қолданылған автокөліктер бағдарламаға кірмейді. Сонымен бірге бұл – мемлекеттік субсидияланатын жоба емес, нарықтық коммерциялық өнім, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
14 жыл ішінде Алматы метрополитені неше миллион жолаушыны тасымалдады?
Алматы метрополитенінің іске қосылғанына бүгін 14 жыл толып отыр. Жолаушылардың қауіпсіз, қолайлы әрі жылдам жүруін қамтамасыз етіп келе жатқан метрополитен осы уақыт ішінде қаланың негізгі көлік түрлерінің біріне айналған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді
Ұлттық статистика бюросының есебінше, қарашадағы айлық инфляция деңгейі 0,8% болды. Азық-түлік тауарларының ішінде қырыққабат 2,5%-ға, сәбіз – 2%-ға, қызылша – 1,4%-ға, қант – 1,3%-ға, апельсин – 1%-ға, күріш – 0,5%-ға арзандаған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Енді мүгедектікті анықтау үшін ЖИ қолданылуы мүмкін
Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында қолданылатын жасанды интеллект (ЖИ) моделін әзірлеу жұмысын – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізіп жатыр. ЖИ енгізу рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Неліктен бұдан былай кредиттер бірден берілмейді?
30 қыркүйектен бастап Қазақстанда онлайн рәсімделетін кепілсіз тұтынушылық қарыздар үшін жаңа міндетті тетік іске қосылды. Енді қарыз шартына қол қойылғаннан кейін қаражат бірден берілмейді – қарыз алушы белгілі бір уақыт күтіп, осы шешімін қайта растауы қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Алматыда баланы басынан тепкен ер адам қамауға алынды
Алматыдағы ойын алаңдарының бірінде ер адам бес жасар баланың басынан тепкен сәті бейнежазбаға түсіп қалған. Балалар омбудсмені Динара Закиева аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 01 Желтоқсан, 2025
Қысқы олимпиада ойындары қыр астында: Қоржында қанша лицензия бар?
2026 жылдың 6–22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында төрт жылдықтың басты додасы – XXV қысқы Олимпия ойындары өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады. Олардың қатарында ел спортшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2025
Өрттен қалай сақтануға болады?
Электр энергиясы өмірімізді жеңілдететіні мәлім, алайда тұрмыстағы өрттердің әр үшіншісі дәл соның салдарынан болады екен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бірнеше қарапайым ережені сақтасаңыз мұндай қауіптің алдын алу оңай, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында патрульдік полиция шетелдік азаматтарға көмек көрсетті
Үшарал ауылы маңында патрульдік полиция экипажы көлігінің дөңгелегі жарамсыз болып, жолда қалған Қытай азаматтарына қол ұшын созды. Полицейлер Алматы–Өскемен трассасында тоқтап тұрған көлікті байқап, көмекке ұмтылған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румынияның ұлттық мерекесі – Бірігу күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Биыл мемлекет кәсіпкерлерге қанша трлн теңге берді?
Жыл басынан бері «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлерге 1 трлн 739 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетіліп, 9 мыңнан астам жоба қаржыландырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Қай сала көбірек несие ала бастады?
Биылғы қыркүйек айының соңында Қазақстан банк секторынан кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелер көлемі жыл басынан бері 15%-ға өсіп, 17,6 трлн теңгеге жеткен. Ақшалай мәнде несие портфелі 2,3 трлн теңгеге ұлғайған. Жалпы алғанда, елде бизнеске несие беру белсенділігі сақталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Сүлейменова: Педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралады
Педагогтерді аттестаттау қағидаларын қайта қарау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы ауыл әкімдерінің диалог-платформасында сұрақ-жауап форматында өткен талқылауда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Салық • 01 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында арнайы салық режимінің мөлшерлемесі 2%-ға төмендетілді
Атырау қаласы мен жеті аудандық мәслихаты арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетуді мақұлдады. Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жаңа мөлшерлеме 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында ер адамды жүк пойызы қағып кетті
Жетісу облысында жүк пойызы адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан ер адам аяғынан жарақат алып, шұғыл түрде Сарыөзек станциясының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 01 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда алғаш рет: Мектептерге енгізілетін бірыңғай әдістемелік нұсқаулық не үшін керек?
Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитеті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесе дайындаған нұсқаулық барлық мектепке таратылады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 01 Желтоқсан, 2025
Теңге долларды ығыстырды: Депозиттегі ұлттық валюта үлесі күрт өсті
2025 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша еліміздегі жеке тұлғалардың депозиті 21,6 трлн теңгеге жетті. Бұл сома – өткен жылдағы көрсеткіштен 19,9 пайызға көп, деп жазады Egemen.kz.