у
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Алматы тауларында сноуборд тепкен қыздың мәйіті табылды
Алматы тауларында сноуборд теуіп жүріп жоғалып кеткен қыздың мәйітін құтқарушылар тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Полиция ескерту жасады: Әуежайда бейтаныс адамның сәлемдемесін алмаңыз
Полиция қызметкерлері әуежайда бейтаныс адамның сөмкесін немесе сәлемдемесін алып жүруге келісудің арты ауыр салдарға әкелуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкент • 20 Желтоқсан, 2025
Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды
Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада бүйрек аутотрансплантациясы сәтті жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2025
Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова соңғы уақытта әлеуметтік желілерде балалар мен жасөспірімдерді арбауға бағытталған алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, ескерту жазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Медицина • 20 Желтоқсан, 2025
Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді
Қабылданған заңға сәйкес, дағдарысты және шұғыл жағдайда жүрген азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша жарналарды төлеу жергілікті атқарушы органдардың міндетіне жүктелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Нөсер жауыннан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде қалуға, су басқан аймақтардан аулақ болуға және саяхатты шектеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Желтоқсан, 2025
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіліп жатқан реформалардың және азаматтардың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты дәйекті іске асырудың нәтижесі болған денсаулық сақтау саласындағы қызметті қорытындылайды.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2025
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Желтоқсан, 2025
20 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады. Оның ішінде бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету сынды мәселелер бар, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды
Президент еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән беретінін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
YouTube істен шығып, пайдаланушылар шағымданды
Әлем бойынша пайдаланушылар YouTube қызметіндегі ақауға шағымданып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2025
Шымкентте 12 жасар оқушы жеті жыл ішінде 650 кітап оқыған
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Желтоқсан, 2025
Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды
"Қазавтожол" ұлттық компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 19 Желтоқсан, 2025
Кей мамандықтар бойынша докторантураға түсу талабы өзгерді
Шығармашылық және тілдік мамандықтар бойынша докторантураға түсу талаптары өзгертілді. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов хабарлады. Оның мәлімдеуінше, осыған дейін жолдаған депутаттық сауалында докторантураға түсушілерге қойылатын талаптарды қайта қарау мәселесін көтерген, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Желтоқсан, 2025
Елде фермерлерге арналған тікелей сатып алу бағдарламасы басталды
19 желтоқсаннан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025 жылғы өнімге жататын дәнді және майлы дақылдарды тікелей сатып алуды бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 4 күннен бері із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі табылды
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 15:10 шамасында іздестіру тобының күшімен Каспий теңізінің жағалауындағы «Ботахан» кен орнының маңынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады
Еуропалық одақ 2026–2027 жылдары Украинаға қаржылай қолдау көрсету туралы ортақ шешімге келді. Көмек көлемі 90 млрд еуро болып белгіленді. Бұл қаражат Киевтің алдағы екі жылдағы шұғыл қаржылық қажеттіліктерін өтеуге бағытталмақ, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Оқушыға мамандық таңдауға көмектесетін бот пайда болды
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп-лицейінің педагогы оқушының болашақ мамандығын таңдауына көмектесетін бот әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Бүгін елордада дрондар шоуы өтпейтін болды
Астанада бүгінге жоспарланған дрондар шоуы ауа райының нашарлауына байланысты өтпейтін болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
ІІМ жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын ауыстыру туралы ақпаратты жоққа шығарды
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын қайта рәсімдеу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Шымкент тұрғыны заңсыз газдалған сусын өндіріп сатқан
Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаментімен бірлесіп, жалған газдалған сусындарды жойды. Тексеру барысында шаһардағы супермаркеттердің бірінен «Натахтари» тауар белгісімен шығарылған 140 дана контрафактілік газдалған сусын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2025
Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады
Бүгін елорданың 6 ауданында сағат 18:00-де 40-тан астам шыршаның шамы жағылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Nazarbayev University докторантураға 200 грант бөледі
15 жылдық мерейтойы аясында Nazarbayev University докторантураға қабылдау көлемін едәуір арттырмақ. Университет PhD бағдарламаларына 200 толық грант ұсынып, ғылыми кадрлар даярлауды жаңа деңгейге шығаруды көздеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Желтоқсан, 2025
Астанада бір күнде екі адам өзіне қол жұмсады
Елорданың екі түрлі ауданында бір тәуліктің ішінде екі қайғылы жағдай орын алды. Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент: Жаһандық қауіпсіздік жүйесін ядролық қарумен ұстап тұруға болмайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ университетінде оқыған дәрісінде адамзаттың ядролық қарудан тартқан зардабын Қазақстан мен Жапония сияқты терең түсінетін ел кемде-кем екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бас шаһары Токиодағы БҰҰ университетінде оқыған дәрісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны қаупі сейілді ме?
Соңғы екі жылда Қазақстанның су шаруашылығы саласына 579 млрд теңге инвестиция тартылды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің қорытынды отырысында бұл қаражаттың елді мекендерді, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысын су басу қаупінен қорғауға қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 19 Желтоқсан, 2025
32-қабаттан Каспий көрінеді: Атырауда зәулім «Ақ-Жайық» кешені салынады
Атырауда «Арман қала» даму тұжырымдамасы аясында бірегей «Ақ-Жайық» қонақүй-іскерлік орталығының жобасы таныстырылды. «TEXOL» компаниялар тобы жүзеге асыратын бұл ауқымды нысан 2030 жылға қарай пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.