ас
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Қытайдағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 25 адамға жетті
Қытайда нөсер жауыннан кейін болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Мамыр, 2026
Гондурастағы екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам қаза тапты
Гондураста болған екі қарулы шабуыл салдарынан 25 адам, оның ішінде 6 полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Оралда қаңғыбас иттер бес жасар баланы талап тастады
17 мамыр күні кешке Оралда қаңғыбас иттердің бес жасар баланы талап тастаған. Бала ауруханаға жеткізіліп, иттер тістерінің орны тігілді. Мамандар қажетті вакцинациялар жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Теннис • 21 Мамыр, 2026
2027 жылы Астанада үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді
Астанада ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионатын ұйымдастыруға арналған халықаралық науқанның ресми таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Дәрігерлер: Жабық формадағы туберкулез қоғамға қауіп төндірмейді
Қазақстанда туберкулезбен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы жылдары елімізде аталған сырқат бойынша көрсеткіштердің біртіндеп төмендеуі байқалғанымен, дәрігерлер сақтықты бәсеңдетпеу керектігін айтады. Осы орайда Астанадағы №8 қалалық емхананың салауатты өмір салты дәрігері Аружан Ерболқызымен және осы емхананың физиатр дәрігері Азамат Асылбекұлымен туберкулез дертінің қазіргі ахуалы, алдын алу және емдеу жолдары туралы әңгімелескен едік, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 21 Мамыр, 2026
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Миратұлы Құсманов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Ыбықты сай шатқалындағы оқиға бойынша қатаң қорытынды шығару керек: Президент вандализм туралы
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде пайымымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек
Қасым-Жомарт Тоқаев кеше ғана Астанада Алтын Орда рөлін адамзат жылнамасының бірегей тарихи, мәдениет және өркениет жобасы ретінде ғылыми тұрғыдан объективті зерделеуге арналған халықаралық симпозиум өткенін еске салып, аталған шараның мән-маңызына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Қазақстанда «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, дәстүрлі өнерді, әсіресе, жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беру қажет деп санайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 21 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ – өнердің киесін ұғатын, өнерпаздың қадірін білетін жұрт
Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 21 Мамыр, 2026
Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз қандай қылмыс жасады?
Сыртқы істер министрлігі Дубай қаласында өмір бойына бас бостандығынан айырылған 22 жастағы Қазақстан азаматының ісіне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2026
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында ит еті сатылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Аталған жайтқа қатысты «Астана ветсервис» КМК мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 21 Мамыр, 2026
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Елімізде ипотека арқылы баспана алу қиындайды. Шілде айынан бастап ипотекалық несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 25 пайыздан 20 пайызға азаяды. Ел пайыз төмендеді деп қуанғанымен, банктер енді баспананы кімдерге берілетінін біраз талдап, таразылап барып шешетін болады. Сарапшылардың айтуынша, енді ипотека алғысы келген азаматтың қарыз жүктемесі мен табысы банк тарапынан мұқият тексеріледі. Бұған дейін де оңай болмаған үйлі болу мәселесі, одан әрі де қиындай түспек. Аталған мәселеге байланысты саладағы сарапшыларға Egemen.kz тілшісі сауал жолдады.
Әлем • 21 Мамыр, 2026
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
SpaceX бас директоры Илон Масктың Марста тұрақты адам колониясын құру және ғарышта деректер орталықтарын іске қосу жоспары орындалса, қосымша сыйақыға ие болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиясына жолданған құжатта айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Мамыр, 2026
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Астанада LRT-ның Қосшы бағытына қарай салынатын жаңа желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс аумағынан құлатылған ағаштарды байқаған тұрғындар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2026
Алматы әуежайындағы жанжал: Мас шетелдік анықтама бюросының әйнегін қиратты
Алматы халықаралық әуежайында Франкфурт бағытына ұшпақ болған шетел азаматы қоғамдық тәртіпті бұзып, анықтама бюросы маңында жанжал шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Мамыр, 2026
Аида Балаева: Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысының айқын көрінісі
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Шахтинск қаласындағы гараждағы өрттен кейін жасөспірімнің денесі табылды
19 мамыр күні кешке Шахтинск қаласындағы Молодежная көшесінде жеке гаражда өрт шықты. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сол жерде тұрған заттар мен екі мотоциклге зақым келген, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Астанада Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі аралығында жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 20 Мамыр, 2026
Астанада Құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді
Астанада биыл 27-29 мамыр аралығында өтетін Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын арнайы орындар белгіленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Қазақстан бойынша биыл 215 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді
Еліміздің барлық мектептерінде 2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын. Биыл оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Астанада Highvill маңындағы жаңа жол белгісі жүргізушілерді әбігерге салды
Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Highvill мен Grand Astana тұрғын үй кешендерінің маңындағы қиылыста жаңа белгі қойылғаннан кейін кептеліс көбейіп, айыппұлдар жиілеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Көзге көрінбейтін бақылау: Жасырын патруль қалай жұмыс істейді?
Алматы қаласында «STOP бұзушылық» ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілген болатын. Осы жүйе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны жолдағы тәртіпті күшейтудің тиімді тәсілі десе, енді бірі жүргізушілерге бақылаудың артуы ретінде қабылдайды. Осыған байланысты Egemen.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдап, жаңа жүйенің мақсаты мен тиімділігін зерделеп көрді.
Заң • 20 Мамыр, 2026
ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың үкімі өзгере ме?
Алты жылға бас бостандығынан айырылған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2026
Момбаса порты және бидай: Екі ел арасындағы сауда айналымы жаңа деңгейге көтеріледі
Мемлекет басшысы Кения Президентінің елімізге жасаған алғашқы тарихи сапары қос мемлекеттің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген
Астанада қаласында жаңа туған нәрестесін сатқан жас анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?
Енді ел азаматтары Еуропаға бару үшін арнайы автоматтандырылған EES (EntryExit System) кіру-шығу жүйесінен өтуге міндеттеледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Кения Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды. Мемлекет басшысы бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға берік негіз қалағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2026
Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Астанадағы танымал мейрамханаларда ит еті қосылған тамақтар сатылған
Астанадағы кейбір танымал мейрамханаларда келушілерге ұсынылған тағамдардағы тартылған фарш құрамына ит еті қосылғаны туралы мәлімдеме жасалды. Бұл туралы экологтар мен жануарларды қорғаушылар «Честно Говоря» подкасты барысында айтты. Олардың сөзінше, бұл дерек екі жыл бұрын сотта дәлелденген, деп хабарлайды Egemen.kz.