іс
Экономика • 01 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысында Samsung компаниясының өндірісі іске қосылды
Оңтүстік Кореялық Samsung Electronics компаниясы Қазақстанда теледидар мен кір жуғыш машиналарын шығару өндірісін ресми түрде іске қосты. Бұл – алып компанияның Орталық Азиядағы алғашқы өндірістік жобасы. Өндірістің ашылуы – Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайту және әлемдік технологиялық брендтердің өңірлерде қатысуын кеңейту бағытында маңызды қадам, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда әлеуметтік көмек алушыларды тексеру күшейеді
Қазақстанда әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алу тетігі қайта қаралып, көмек алушыларды тексеру күшейтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?
2025 жылғы қараша айында 25,8 мың жеңіл автокөлік сатылып, рекорд жаңарып отыр. Оның 7,8 мыңы Қостанайда құрастырылған Chevrolet көліктеріне тиесілі. Одан кейін Hyundai (5,3 мың) және Kia (2 мың) маркалары тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2025
Трамп пен Зеленский Флоридадағы кездесуде қандай келісімдерге қол жеткізді?
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ басшысы Дональд Трамппен бейбітшілік жоспары бойынша келіссөздер жүргізу үшін Флоридаға барды. Жабық форматта өткен келіссөз шамамен екі сағатқа созылған. Келіссөз барысында Еуропалық лидерлер және Владимир Путинмен бір мезгілде байланыс орнатылған, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті
Түркістан облысында халықаралық маңызы бар тасжолдың бойында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары тілсіз жауды ауыздықтап қана қоймай, ірі жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп соғысты тоқтату жоспарын келісу үшін Флоридада кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Тайвань мен Перу жағалауларында бір мезгілде қуатты жер сілкіністері тіркелді. Тайвань билігі алдағы апта бойы магнитудасы 5 балдан асатын афтершоктар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Желтоқсан, 2025
Камбоджа мен Таиланд атысты дереу тоқтатуға келісті
Камбоджа мен Таиландтың қорғаныс министрлері атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Желтоқсан, 2025
Зеленский мен Трамптың кездесуі 28 желтоқсанда өтеді
Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Дональд Трамп 28 желтоқсанда Флорида штатында кездеседі. Бұл ақпаратты Зеленский кеңсесі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 27 Желтоқсан, 2025
Ресейде Ақтау маңында құлаған AZAL ұшағына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Ресей Федерациясында Ақтау маңында құлаған AZAL әуе компаниясының ұшағына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімге Әзербайжан тарапы қатаң реакция білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 26 Желтоқсан, 2025
Қос аққу жылжымайды: «Жақын барып хал-жайын кім сұрайды?»
Табиғат қашанда тосын құбылыстарға толы. Осыдан төрт-бес күн бұрын Семей қаласындағы ақ Ертістің айдынына қос аққу келіп қонған еді. Міне, бір аптаға айналып барады, жыл құстары әлі жылжыған жоқ.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2025
Түркістанда екі бала пиротехникадан зардап шекті
Түркістан облысында отшашу атпақ болған екі жасөспірім ауруханаға түсті. Оқиға балалардың пиротехниканы үлкендердің қарауынсыз қолдануы салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2025
Алтын мен күміс неге тым қымбаттап кетті?
Әлемдік нарықта бағалы металдардың құны күрт өсті. 24 желтоқсанда алтынның бір унциясы алғаш рет 4 500 доллардан артып, жыл басынан бергі өсім 70%-дан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында мал ұрлығына қатысы бар үш адам қамауға алынды
Жетісу облысында мал ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Шағын бизнесті қолдауға арналған өңірлік бағдарламалар әзірленеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025
Ақтаудағы жағымсыз иістің себебі белгілі болды
15 желтоқсан күні кешке Ақтау қаласы мен оған жақын аумақтарды жайлаған жағымсыз иістің неден шыққаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2025
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді
Бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:32-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 23 Желтоқсан, 2025
Хакерлер әлемдегі ең ірі музыкалық платформалардың бірін бұзған
Хакерлер Spotify стримингтік сервисінің музыкалық каталогына қол жеткізген. Бұл әрекет музыканттардың табысына, авторлық құқыққа, цифрлық қауіпсіздікке тікелей әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
Астанада екінші әуежай салына ма?
Елорда маңынан тағы бір халықаралық әуежай салынады деген ақпарат соңғы уақытта қоғам талқысына түсті. Әсіресе, жаңа әуе айлағы Қарағанды бағытында салынада деген сыбыс жұртты елең еткізді. Осыған байланысты Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2025
Түркістанда менталды бұзылыстары бар балаларға арналған орталық іске қосылды
Түркістан облысында менталды бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталған әлеуметтік нысан – «Қамқорлық» арнаулы қызметтер көрсету орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2025
2027 жылдан бастап Астанада кептеліс 40%-ға азаяды
Елорда билігі көлік кептелісімен күрестің түбегейлі жолын тапты. 2027 жылы Астанада алғаш рет екі деңгейлі алып автомагистраль құрылысы басталады. Бұл жоба қала жолдарындағы жүктемені айтарлықтай жеңілдетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Желтоқсан, 2025
LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалды
Қала әкімі Жеңіс Қасымбек жобаның сынақ мерзімі аяқталуға жақын екенін және оның жоспардан ерте ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2025
Көлік ұрлығының жаңа схемасы әшкереленді
Елімізде автокөлік пен жүк тасымалы цифрланған сайын қылмыс та жаңа кейіпке еніп жатыр. Ішкі істер органдары онлайн-платформалар арқылы жасалатын көлік ұрлығының тың схемасын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2025
Тарбағатайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Сансызбай Иісұлы туралы не білеміз?
Енбегі екі қазаққа бірдей сіңіпті. Екі қазақ емес, иісі бір қазақ. Екі қазақ дейтініміз – Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінде Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға – Сансызбай Иісұлы еді.
Төтенше жағдай • 22 Желтоқсан, 2025
Алматыда жер сілкінісі сезілді
Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2025
Семейде жаңа өндірістік цехы іске қосылды
Абай еліндегі ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі – «Казполиграф» ЖШС-нің жаңа өндірістік желісін – «Gable Top» картон қаптамалар цехы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2025
Пәкістанның экс-премьері Имран Хан мен жұбайы 17 жылға сотталды
Пәкістанның арнайы соты елдің бұрынғы премьер-министрі, PTI партиясының негізін қалаушы Имран Хан мен жұбайы Бушра Бибиді тағы бір қылмыстық іс бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2025
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Тоқаев: БҰҰ әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек
Бұл туралы Мемлекет басшысы Токио қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінде оқыған дәрісінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2025
Түркістанда құлаған көпірдің орнына жаңасы салынады
Келес ауданы аумағындағы ұзақ жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан Келес өзенінен өтетін көпір бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбырдың салдарынан тірек бағандарының түбі шайылып, құлаған болатын. Ескі көпірдің орнына жаңасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.