аз
Төтенше жағдай • 12 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан
Елордадағы Байқоңыр ауданындағы Тайбурыл көшесінде орналасқан ангар үлгісіндегі цех ғимаратында өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт дер кезінде сөндіріліп, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 11 Наурыз, 2026
«Шалқар» радиосына 60 жыл: Қазақтың тұңғыш радиодикторы Мина Сейітова радиостудиясы ашылды
Алматыдағы «Радио үйі» ғимаратында «Шалқар» радиосының толық жөндеуден өткен жаңа студиясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа студияға қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, КСРО-ның құрметті радисі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мина Сейітованың есімі берілді.
Экономика • 11 Наурыз, 2026
Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?
Әйелдер әлем халқының 51%-дан астамын құрайды, ал олардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіпкерлігі халықаралық ұйымдар тарапынан экономикалық тұрақтылық пен өсудің басты факторы ретінде қарастырылады. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, еңбек нарығы мен бизнесте гендерлік алшақтықты жою дүниежүзілік ІЖӨ-ні 20%-дан астам арттыруға мүмкіндік береді, өйткені экономика толық пайдаланылмаған адам капиталын тартып, жалпы өнімділікті арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Наурыз, 2026
Иран Ормұз бұғазына миналар орната бастады
Иран Ормұз бұғазына теңіз миналарын орната бастаған. Бұл туралы америкалық барлау деректеріне сүйенген CBS News пен CNN хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, Тегеран бұғазда ондаған мина орналастырып үлгерген және тағы жүздегенін қоюы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Наурыз, 2026
Оңтүстік Кореядағы өрт: Жоғалып кеткен Қазақстан азаматының сүйегі табылды
Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткен еді. Үздіксіз іздеу жұмыстарының нәтижесінде отандасымыздың сүйегі табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2026
Ерлан Жетібаев: Қазақстан өз азаматтарын қатерге қалдырмайды
Таяу Шығыстағы әскери-саяси жағдайдың ушығуына байланысты ел азаматтарын эвакуациялау әлі де жалғасып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев уәкілетті органдармен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың жай жапсарын баяндады. Бастысы, қауіпті аймақтарда зардап шеккен немесе опат болған ел азаматтары жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
СІМ ресми өкілі: Таяу Шығыста зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ
Сыртқы істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Эвакуация басталғалы бері уәкілетті мемлекеттік органдардың, резидент және резидент емес әуе компанияларының көмегімен 8 585 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Грузиядан 7 жастағы қыз елге қайтарылды
Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің бірлескен жұмысы нәтижесінде 7 жастағы Қазақстан азаматы қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Наурыз, 2026
Вьетнамда жоғалған қазақ қызы аман-есен табылды
Вьетнамда түсініксіз жағдайда жоғалған 26 жастағы отандасымыз Әсем аман-есен табылды. Бұл туралы оның туған әпкесі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 10 Наурыз, 2026
Назым Қызайбай әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Қазақстан әйелдер боксы құрамасының капитаны Назым Қызайбай әлемдегі ең үздік әйел боксшылардың pound-for-pound (P4P) рейтингі бойынша алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Наурыз, 2026
«Бір литр де мұнай шықпайды»: Иран Ормұз бұғазын толық бақылауға алды
Иран Қарулы күштері Ормұз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын және қарсыластарына мұнай экспорттауға жол бермейтінін жеткізді. Бұл туралы Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) өкілі Сардар Наини мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 10 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстан 7300-ден астам отандасымыз елге қайтарылды
Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс аймағынан отандастарды елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Наурыз, 2026
Ираннан «қышқыл бұлттар» келеді деген ақпаратқа қатысты «Қазгидромет» жауап берді
Әлеуметтік желілерде Иран аумағының үстінде «қышқыл бұлттар» пайда болып, олар Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат тарады. «Қазгидромет» мамандары жүргізген бақылауға сәйкес жағдайды растамады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 06 Наурыз, 2026
Қазақстанда қанша әйел тұрады?
Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер мен әйелдер санына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 10 488 074 әйел бар, деп жазады Egemen.kz.
Мереке • 06 Наурыз, 2026
«Бұл сөзді бұрын айтпаппын»: Ұлттық ұлан сарбаздары аналарын мерекемен құттықтады
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұланының сарбаздары аналарын ерекше тәсілмен құттықтады. Сарбаздарына аналарына телефон арқылы хабарласып, жүрекжарды лебіздерін жеткізуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 06 Наурыз, 2026
Шымкентте заңсыз еңбекке тартылған 20 шетелдік азамат ұсталды
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Наурыз, 2026
«Қазтеміртранс» филиалының директоры ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді
Бұқаралық ақпарат құралдарында Алматы қаласында шамамен 540 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен «Қазтеміртранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базенов ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2026
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
«Казгидромет» мамандары Қазақстан аумағында 6 наурызда ауа райының тұрақсыз болатынын ескертті. Солтүстік-батыс циклондарының әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, боран соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Көлік министрлігі Таяу Шығыс елдерінен елге жеткізілген азаматтардың нақты саны жөнінде ақпарат жариялады. 4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Қазақстанға Air Astana және Flydubai әуе компаниялары 5 рейс жасаған. Осы рейстермен елге 851 жолаушы келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 05 Наурыз, 2026
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай медицина саласында еңбек етіп жүрген әйелдерді құрметтеу және марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Наурыз, 2026
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Air Astana рейстерді тоқтату мерзімін ұзартты
Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Наурыз, 2026
Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?
Халықаралық Numbeo дерекқоры 2026 жылға арналған әлем елдеріндегі өмір сапасы индексінің жаңартылған рейтингін жариялады. Зерттеуде түрлі мемлекеттердегі азық-түлік, мейрамхана қызметі, көлік, коммуналдық төлемдер және күнделікті шығындардың бағасы салыстырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Ресей Еуропаға газ жеткізуді тоқтатуы мүмкін
Ресей президенті Владимир Путин Еуроодақтың ресейлік энергия ресурстарынан ресми бас тарту мерзімін күтпестен, табиғи газ жеткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Референдум-2026: Сайлау учаскесін eGov Mobile арқылы тексеруге болады
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар өз сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталы арқылы табуына болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды
Шымкент қаласы «Студенческий городок» шағын ауданындағы бір подъезде төрт адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция қайғылы оқиғаға газ иісінен улану себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Наурыз, 2026
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 04 Наурыз, 2026
Қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады
Алматы қаласында CFO SUMMIT XIII саммиті өтіп, онда қаржы нарығын дамыту, корпоративтік басқаруды жетілдіру және инвестициялық экожүйені нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді
2028 жылдан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы қайтадан кезең-кезеңімен ұлғая бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 04 Наурыз, 2026
Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айна Мусралимова қақтығыс салдарынан зардап шегіп жатқан Ирандағы балалалардың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, оған қатысушы тараптарды парасаттылық танытып, балалар мен аналардың амандығы үшін бейбіт келіссөздерді мүмкіндігінше тезірек бастауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.