ең
Сенат • 24 Мамыр, 2024
Сенатта әлеуметтік қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен кездесіп, тараптар еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, зиянды еңбек жұмысымен айналысатын адамдарды қорғау жөніндегі мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 24 Мамыр, 2024
«Ұлы дала жорығы-2024»: Үшінші маусым жеңімпазы – «Жетісу» командасы
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгенің үшінші маусымы мәресіне жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, марафон-бәйгенің тең ұйымдастырушысы Әлібек Әлденей, «JORYQ» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Аманжол Әлтай және Қазыбек Әлішев қатысты. Бұл туралы «Ұлы дала жорығы» баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Мамыр, 2024
Түркістан облысына 1 млрд текше метр су жіберілді
Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзені арқылы 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы-2024: Бүгін бәйге жеңімпаздары марапатталады
Көрнекті геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Ұлы Дала жорығы-2024» бүгін аяқталып, жеңімпаздары марапатталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 23 Мамыр, 2024
Ұлы дала жорығы-2024: Төртінші кезең аяқталды
22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де командалар Ақмола облысы аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанып, келесі 100 шақырымды бағындырды. Төртінші кезең қорытындысы бойынша Жетісу облысы командасы жеңімпаз, ал Маңғыстау облысы шабандоздары мәреге екінші жетті, үздік үштікті Алматы қаласы командасы түйіндеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2024
Жеңіс Қасымбек 5 жасар баланы құтқарған оқушыға 1 млн теңге берді
Астана әкімі өзінің батыл әрекетімен көпке үлгі болған Ақанмен кездесіп, марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 20 Мамыр, 2024
Балқашта су деңгейі 8 см-ге көтерілді
Трансшекаралық Іле өзенінен Балқаш көліне су жіберу жалғасып жатыр. Осыған байланысты Балқаштағы су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2024
Жыл басынан бері 196 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 195,9 мың Қазақстан азаматы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Жайықтың су деңгейі сәл төмендеді
Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейінің 17 мамыр күнгі сағат 08:00 бойынша өзгеріcі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 14 Мамыр, 2024
Әлемдік ғылыми-инженерлік байқауға елімізден 3 оқушы аттанды
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында 70-тен астам елдің 2 000 оқушысы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауы 13 мамыр күні ашылды. Оған елімізден 3 жас инженер аттанды. Қазақстан құрама мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсы бойынша іріктелді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Құқық • 14 Мамыр, 2024
Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 126 кәсіпорны 9,7 мың жұмыскерге 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 3,2 мың еңбек құқығының бұзылу фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2024
Жайық өзені шекті деңгейден асты
Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзенінің су деңгейі туралы жедел есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Мамыр, 2024
Париж Паралимпиадаcы: Ел қоржынына 12-ші жолдама түсті
Венгрияның Сегед қаласында өткен пара каноэдан лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева жолдама жеңіп алды. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау ортылығы» РМҚК баспасөз қызметі Қазақстан спортшысының 200 м қашықтықты 1:05.83 секундта бағындырып, мәреге екінші болып жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2024
Жайық өзенінде су 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр
Атырау облысында Жайықтағы су деңгейі 5 күн қатарынан көтеріліп жатыр. Аймақта қорғаныс бөгеттері тұрғызыла бастады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Мамыр, 2024
Ел азаматтары мемлекеттен 1,4 млн теңге ала алады: Шарты қандай?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20 мамырда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінім беру басталатынын хабарлады. Үміткерлер Business.enbek.kz порталында өтініш беру керек. Бизнесті қолдауға берілетін қаржы - 1 476 800 теңгені құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Мамыр, 2024
Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысында Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2024
Batyrlargatagzym: Майдангерлер туралы мәліметтер топтастырылған портал іске қосылды
Қазақстаннң Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты, деп хабарлайдыEgemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 09 Мамыр, 2024
Сенат Төрағасы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жеңіс күніне орай қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Іс-шараға еңбек және күштік құрылымдардың ардагерлері, әскери қызметшілер мен Сенат депутаттары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Мамыр, 2024
Алматы облысының әкімі ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Шара Қонаев қаласындағы Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 09 Мамыр, 2024
Өлім фабрикасы - «Освенцим» лагері туралы не білеміз?
XX ғасыр адамзат тарихында аса ірі әрі қанды оқиғалармен есте қалды. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс та бар. Қанды майданнан бөлек, миллиондаған адам «азаптау лагерлерінде» жазықсыз жан тапсырды. Қолдан жасалған геноцид тұтас ұлттың жойылып кетуін көздеген. Үлкені мен кішісіне де, жасы мен кәрісіне де қатігездік танытқан фашистік Германия «Освенцим» лагерін құрып, жантүршігерлік эксперименттер жасаған.
Қоғам • 09 Мамыр, 2024
Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Жеңіс күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Мамыр, 2024
1941-1945 жылдар майданындағы Жеңіске биыл 79 жыл толды. Президентіміз Қ.К.Тоқаев айтқандай, 9 мамырдың төл тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – ерлердің ерен ерлігін жадымызда жаңғыртатын күн. Сұрапыл соғыста халқымыз орасан зор шығынға ұшырады. Майдангерлердің қаһармандығы мен тыл еңбеккерлерінің жанкештілігі арқасында жеңіске жеттік. Елдің азаттығы мен ұрпақтың жарқын болашағы үшін жанын пида еткен боздақтарымызды мәңгі есте сақтау және олардың рухтарына тағзым ету – қасиетті борышымыз.
Президент • 08 Мамыр, 2024
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 06 Мамыр, 2024
Астанада GPT картиналарының фотокөрмесі өтті
«Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Бұл апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады, оның барысында су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады. Экоакция аясында GPT нейрожелілік чатының көмегімен жасалған суреттердің фотокөрмесі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 06 Мамыр, 2024
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады
Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдар ашылып, әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2024
Жайықтың су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында қауіпті межеден асты
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 929 (қауіпті шегі – 850 см) сантиметрге жетті. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының бүгінгі сағат 08.00-дегі мәліметінше аталған гидробекетте су деңгейі бір тәулікте 30 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Мамыр, 2024
Жеңіс күніне орай безендірілген пойыз жолға шықты
9 мамыр - Жеңіс күніне орай №7502 электр пойызы безендірілді. Бұл пойыз Астана-Павлодар бағытында жолаушыларды тасымалдайды, деп жазады Egemen.kz.