Соңғы жаңалықтар
Банк • 07 Сәуір, 2026
Ұлттық банк әлемдік футбол додасына арналған коллекциялық монеталар шығарады
Ұлттық банк «Спорт» сериясы аясында FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Бұл монеталар әлемдік футбол додасына арналған арнайы нумизматикалық өнім ретінде ұсынылмақ. Монеталардың нақты сатылымға шығу уақыты туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
«Наурыз» бағдарламасы бойынша 16 мың салымшы іріктеуден өтті
«Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды. «Отбасы банктің» мәліметінше, 26 822 өтініштің ішінен 16 000 салымшы іріктеліп, бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Қарағанды облысының полициясы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтті
Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолдағы тәртіпті сақтау бағытында жүйелі профилактикалық жұмыстар күн сайын жүргізіліп жатыр. Полиция қызметінің негізгі ұстанымы – жазалау емес, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың жауапкершілігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Су тасқыны: Ақмола облысында жағдай қалай?
Еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі айтарлықтай бәсеңдеді, ахуал тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі тәулік бойы мониторинг жүргізіп, барлық өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 07 Сәуір, 2026
LRT желісінде 15 пойыз қатынайды
Астана қаласы әкімдігі жеңіл рельсті көлік жүйесі бір уақытта 19 құраммен кешенді сынақ жасауға көшкенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Сәуір, 2026
Жаңа рекорд: «Артемида-2» экипажы Жерден ең алыс ұшқан топ атанды
«Артемида-2» миссиясы экипажы Айдың арғы бетімен ұшып өтіп, Жерден ең алыс қашықтыққа жету бойынша жаңа рекорд орнатты. Ғарышкерлер Айдың беткі қабатын жақыннан бақылады, деп жазады Egemen.kz.
Бағдарламалар • 07 Сәуір, 2026
«7-20-25» ипотекасы: Алаяқтар кезекті жеделдетіп беремін деген желеумен халықты алдауға көшті
Қазақстанның орнықтылық қоры азаматтарды «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасының айналасында әрекет ететін түрлі делдалдар мен күмәнді тұлғаларға сақтықпен қарауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 07 Сәуір, 2026
Премьер-министр Алматы ЖЭО-ларына қатысты объективті ақпарат беруді тапсырды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғырту барысын талқылап, жұмыстың қарқыны төмендемеу керектігін қатаң ескертті. Сонымен қатар, жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 07 Сәуір, 2026
«Qarmet» энергия тапшылығын жаңа блоктар арқылы жаппақ
«Qarmet» компаниясы өндірістік циклдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жаңа нысандардың құрылысын пысықтап жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Qarmet» компаниясының басқарушы директоры Ербол Исмаилов баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Сәуір, 2026
Панамадағы алапат өрт: Танкер жарылысынан бір адам қаза тапты
Панаманың Ла-Бока ауданында орналасқан мұнай қоймасы маңында жанармай танкерінде күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға жақын маңдағы Panama Oil Terminals S.A. компаниясының нысандары жанында тіркелген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Семейде қуаты 360 МВт болатын ЖЭО-3 салынады
Президенттің Абай облысындағы генерациялаушы қуаттарды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде көмір генерациясының стратегиялық нысандарын салу жоспарланған. Үкімет отырысында жаңа энергия объектілерінің құрылысы және көмір химиясының дамуы туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Сәуір, 2026
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Қазақстанда шетелден әкелінетін тауарлардың бағасы біршама төмендеуі ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, доллар бағамының әлсіреуі импорттық өнімдер құнына әсер етуі мүмкін, алайда айтарлықтай арзандау күтілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 07 Сәуір, 2026
Сабыржан Аққалықов Моңғолия боксшысын мерзімінен бұрын жеңді
Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері жалғасып жатыр. Бүгін күндізгі сессияда 3 боксшымыз шаршы алаңға шығып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Интернетте анонимділік жоқ: Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады
Әлеуметтік желілер ақпарат таратудың негізгі алаңына айналған бүгінгі заманда жеделдікпен қатар жауапкершілік те арта түсті. Бас прокуратура азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратудан сақ болуға шақырып, «цифрлық қауесеттердің» қоғамға төндіретін қатеріне назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 07 Сәуір, 2026
Еліміздегі көмір қорының көлемі қанша жылға жетеді?
Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көмір саласының қазіргі жағдайы мен даму жоспарлары туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 07 Сәуір, 2026
Құқықтық сауаттылық: Бектенов халыққа арналған кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеуді тапсырды
Елде Конституция нормаларын кеңінен түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға тиісті іс-шаралар жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
122 нысан қамтылады: Қай өңірлерде жол жөндеу жұмыстары басталды?
Көлік министрлігі республикалық маңызы бар тасжолдарда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Қазір жол жұмыстары еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Мәйітті жылдар бойы жасырған: Майқайыңдағы оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды
Павлодар облысының Майқайың кентінде болған шулы оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Полиция мәліметінше, қылмыстық іс екі бап бойынша қозғалған – «қайтыс болғандардың денесін қорлау» және «алаяқтық». Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды
Алматы қалалық Полиция департаменті Әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасына қатысты күдікке ілінген Zeekr автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Сәуір, 2026
7 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Бүгін бірқатар өңірде ауа райы күрт бұзылып, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. «Қазгидромет» синоптиктері бірнеше облыста қолайсыз метеорологиялық құбылыстарға байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 07 Сәуір, 2026
Алматыда дәріханалар рецептісіз дәрі сатқан: Қылмыстық іс қозғалды
Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында есірткі және психотроптық дәрілердің айналымы тексерілді, деп жазады Egemen.kz.
Өндіріс • 07 Сәуір, 2026
Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауыты салынады
Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге келді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 07 Сәуір, 2026
Астана, Алматы қалалары бойынша ақша айырбастау орындарында доллар, еуро, рубль, юань бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 07 Сәуір, 2026
8-10 сәуір - Кереку театры – Алматыда Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының Алматы қаласына гастрольдік сапары өтеді.
Өнер • 07 Сәуір, 2026
Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»
«Forte trio» мемлекеттік триосы 29 наурыз бен 6 сәуір аралығында Алжир Халық Демократиялық Республикасында гастрольдік сапармен өнер көрсетіп қайтты. Көне Каирдан ордалы Оран қаласына дейін созылған бұл сапар музыка арқылы мәдениеттерді тоғыстыруға, жүректерге жылылық ұялатуға арналған ерекше бастама болды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2026
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі ақын, ыбырайтанушы ғалым, профессор Серікбай Оспанұлының «Сарқылмас кеудем менің – ойдың кені» атты шығармашылық кеші өтті.
Шаруашылық • 07 Сәуір, 2026
Биыл ақмолалық диқандар егістік алқабының көлемін 5,6 млн гектарға жеткізбек. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 35,5 мың гектарға көп.
Туризм • 07 Сәуір, 2026
Саяхат табысын еселеуге не кедергі?
Мемлекеттік саясатқа арқа сүйеп, туризмді ілгерілетіп отырған мекемелердің жұмысы нәтижесіз демесек те, саланың ІЖӨ-дегі үлесін еселеуге, яғни қазіргі 3%-дан 6%-ға дейін жеткізуге не кедергі? Аталған саладан толымды табыс түсіруде тағы қандай қиындық бар?
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Өрт сөндіру техникасымен толықты
Орман шаруашылығы қызметкерлеріне заманауи үлгідегі өрт сөндіру техникалары берілді. Ақмола облысындағы орман шаруашылығы мекемелері 13 бірлік өртке қарсы техникамен толықты. Мамыр айында тағы берілмек.