Ар
Үкімет • 13 Тамыз, 2025
Үкімет Каспий теңізі институтына 305 млн теңге бөлді
Бұл қаржы Мемлекет басшысының Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа Үкімет резервінен бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2025
870-тен астам су нысаны мемлекет меншігіне алынды
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде 10 облыста коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған мекемелер құрылған. Бүгінде олардың балансына 872 нысан қабылданды, 283 арнайы техника берілді, 1 197 маман жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің мәліметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Тамыз, 2025
Кернеулі токтың тілін тапқан маман
Президент қаулысымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Тіршілік үшін таптырмас мамандардың маңдай терін, ерен еңбегін нанымды насихаттауға арналған жылдың жеті айы да артта қалды. Уақыт машинасы оза түскенмен, жұмысшы мамандардың жемісті еңбегі ескеріліп, беделі биіктеп келеді. Жыл құрғақ сөзбен сырғымау үшін жұмысшы мамандардың әлеуметтік әлеуетін әлдендіруге назар аударылып жатыр. Ауыз толтырып айтатын негізгі жаңалық техникалық мамандарды баспанамен қамтуға бағытталған – «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы. Бастама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салалары қызметкерлерін үйлі етуге үлес қосады. Бұдан бөлек жұмысшы мамандардың мәртебесін белгілеу, салалардағы сындарлы тұсты сараптау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру сынды жүйелі жұмыстар атаулы жыл аясында атқарылып жатыр. Бастысы қоғам жұмысшы мамандарға қажеттілікті терең түйсініп, тұрмыс тұраламау үшін етіп жүрген еңбегіне құрметпен қарауға бейіл білдіріп келеді.
Тұлға • 12 Тамыз, 2025
Баянауылда Жаяу Мұсаның 190 жылдығына орай дүркіреген той өтеді
Биыл Баянауыл ауданында есімдері елге мәшһүр төрт бірдей тұлғаның мерейтойы аталып өтеді. 15-16 тамыз күндері Мойылды шатқалында этноауыл бой көтеріп, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Ертіс бойында үш сорғы станциясы суды заңсыз пайдаланған
Ертіс бассейндік инспекциясы Павлодар облысының Ақсу қаласындағы ауылдық аймағында және Ертіс ауданында заңсыз орналасқан үш сорғы станциясын анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
Павлодарда республикалық жастар форумы бастау алды
Павлодар облысында Халықаралық жастар күні және жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жастар болашағы – жарқын Қазақстан» атты республикалық жастар форумы жұмысын бастады.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2025
Атырауда 6 айда тұтынушылардың 24,6 млн теңгесі қайтарылды
Атырау облысында жыл басынан бері сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 470-ке жуық шағым түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
«Jastar-X» диалог алаңы-жастардың заманауи трендтер мен жұмыс ортасына көзқарасы
12 тамызда республикалық жастар форумының қатысушылары Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында өткен «astar-X"» республикалық диалог алаңына қатысты. Кездесу барысында спикерлер қатысушылармен бірлесіп, заманауи трендтерді, сондай-ақ жұмыс орындарындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Ғылым • 12 Тамыз, 2025
Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ұлттық мәртебеге ие болды
Қазақстан Президентінің Жарлығымен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 12 Тамыз, 2025
Батырдың анасы: «Ұландықтарды кезіктірсем, ұлымды көргендей боламын...»
Ұлттық ұланның Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан Айбат Амановтың ата-анасы Ербол Аманұлы және Гүлназ Әлкенқызымен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Тамыз, 2025
1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа тамақтану стандарты енгізіледі
Жаңа стандартта білім беру ұйымдарында көкөністер, жемістер мен сүт өнімдерін тұтынуды арттыру көзделген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Тамыз, 2025
EC-145 тікұшағында болған үшінші ұшқыштың денесі табылды
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылған, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 12 Тамыз, 2025
12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Бұл дата – қоғам мен экономиканы дамытудағы жас ұрпақтың рөлін айқындауға арналған күн. Мереке елімізде 2000 жылы, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Жастар ісі жөніндегі дүниежүзілік министрлер конференциясының ұсынымдарын қолдап, осы күнді ресми жариялағаннан кейін бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Тамыз, 2025
Су саласы мамандарын Қытайда оқыту жалғасады
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов Қытайдың ең ірі компанияларының бірінің басшылығымен кездесті. Еліміздің су саласы мамандарын даярлаудың бірлескен бағдарламасын жалғастыру жайы сөз болған кездесуде 2026 жылы да Қытайда курстар ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Хоккей • 12 Тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бапкер келді
«Барыс» ХК қақпашыларының дайындығына жауапты болып Константин Барулин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Балқашта 8 жастағы баланы ұрған айыпталушы тағы екі айға қамауда болады
Қарағанды облысының Балқаш қаласында кәмелетке толмаған балаға қатысты ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге қатысты қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
«Абай әлемі»: Ақын шығармаларына арналған кеш өтті
Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Көне қамал» амфитеатрында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай әлемі» атты әдеби сазды кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Таразда кеңес беру орталығы ашылды
Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» ЖШС емханасында әйелдерге кеңес беретін бөлімше ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Тамыз, 2025
Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Президенті Премьер-министр Никол Пашинянды Вашингтонда Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Атырау облысында 67 адам қару сақтау талабын бұзған
Атырау облысында атыс қаруының заңсыз айналымына қатысты 280-нен астам құқық бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Тамыз, 2025
Президент дарынды оқушыларға қаржылай сыйақы табыстады
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 11 Тамыз, 2025
Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Жан түршігерлік жол апаты 11 тамызда сағат 00:10-да «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 1396-шақырымында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Алматы облысында қару тапсырғандар 3 млн теңге алды
Алматы облысында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2025
Түркістанда жастарға «Абай жолы» романы тарту етілді
Түркістанда қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай өткен іс-шарада ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 11 Тамыз, 2025
Ақтау қаласында Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
10 тамыз – ұлы ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Ақтау қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 11 Тамыз, 2025
Өткен аптада спорттың қай түрлерінен жүлде түсті
Сала министрлігі спортшылардың жетістіктері жөнінде апталық шолу-мағлұмат жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
«Контрафакт» жедел іс-шарасы кезінде 272 адам ұсталды
4-7 тамыз аралығында республика аумағында «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасы (ЖПІШ) өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Тамыз, 2025
Алматы қаласының Солтүстік айналым көшесінде орналасқан базар аумағында асхана өртеніп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Тамыз, 2025
Су үнемдеудің жаңа тетіктері әзірленді
Мемлекет басшысының жыл сайын 150 мың гектар жерге су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру тетіктерін әзірледі. Сала министрлігі фермерлерге су үнемдеу технологияларын сатып алу-орнату бойынша және инфрақұрылым тарту кезінде ұңғыма бұрғылауға жұмсалған шығындардың өтемақы мөлшерін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2025
Қарағандыда Абайдың 180 жылдығына орай 300-ге жуық іс-шара өтті
Қарағанды облысында қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.