Ту
Спорт • 19 Наурыз, 2024
Қазақстанның төрт семсершісі Париж жолдамасына таласады
Грузия елінің бас шаһары Тбилисиде шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім еткендей, аталған кезеңде 60-тан астам елден жиналған спортшылар рейтингтік ұпай мен Олимпиада жолдамасы үшін тартысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 19 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сұхбат • 19 Наурыз, 2024
Мәшһүр-Жүсіптің шөбересі: Наурыз тойы Қазығұрттан басталу керек
Берекелі Наурыздың мерекелі он күнінің бірінде Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының тікелей ұрпағымен тілдесудің сәті түсті. «Ақиқат», «Мәшһүр-Жүсіптің тылсым әлемі» кітаптарының авторы Абай Шарапиев ағамыздан қазақтың әйгілі ғұламасының Наурыз тақырыбында жазғаны туралы сұрап, әңгімелескен едік.
Бокс • 19 Наурыз, 2024
Бакуде өтетін халықаралық турнирде бақ сынайтын боксшылар анықталды
Қазақстан Бокс федерациясы 23 наурыз күні Бакуде басталатын халықаралық турнирде ел намысын қорғайтын боксшылар тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Grand Slam турнирінде белдесетін балуандар белгілі болды
Қазақстанның дзюдо құрамасы Грузияның бас қаласы Тбилисиде наурыздың 22-24 күндері өтетін әлемдік Grand Slam турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Түркиядағы каратэ турнирі: Қоржынға екі алтын, үш қола түсті
Түркияның Анталья қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы Karate1 Premier League - Antalya 2024 турнирі аяқталды. Ведомствоға қарасты Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, әлемдік рейтингіде әр салмақ бойынша үздік 32 спортшы ғана бақ сынайтын ауқымды жарысқа 60 елден 400-ге жуық татами шебері жиналған. Қазақстаннан 14 каратэші қатысып, екі алтын, үш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Талғат Жүнісов: Құрылтай оң серпін береді
Ел Президентінің бастамасымен бірінші Құрылтай қасиетті Ұлытау жерінде өткізілді. Ұлытау - ежелгі тарихқа өте бай жер. Қазақ жерінің кіндік ортасы болған осынау қасиетті мекенде қазақ хандарын хандық билікке отырғызып, ұлықтау рәсімі өтетін болған. Бірінші Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар ақырындап қоғамымызда жүзеге аса бастады.
Спорт • 18 Наурыз, 2024
Тәшкенбай бастаған 4 боксшы «алтын», 4 боксшы «күміс» алды
Сербияның бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан бокс федерациясының мәлім етуінше, финалда жұдырықтасқан сегіз боксшының 4-еуі алтын, 4-еуі күміс алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Наурыз, 2024
ШҚО-да тау-кен байыту кешені аумағында өрт шықты
Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында тау-кен байыту кешен аумағындағы 2 қабатты цехтың шатыры өртке оранды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 17 Наурыз, 2024
Ташкенбай, Жақпеков. Халықаралық турнирдің финалына шыққан боксшылар белгілі болды
Сербияның бас қаласы Белградта өтіп жатқан халықаралық турнир финалдық кезеңге келіп жетті. Алтын үшін айқаста 8 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Қылмыс • 17 Наурыз, 2024
Алматы облысында 2 полиция офицері адамды азаптады деген күдікпен ұсталды
Бас прокуратура өкілдері Алматы облысының бұрынғы полиция қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Ұлттық идеологияның жаңа бағдары
Бүгін Атырау қаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Дәстүрге айналған келелі кеңестің кезекті жиынында идеология саласында жүргізілетін кешенді жұмыстың нақты бағыт-бағдары айқындалды. Бұл қазіргідей жаһандану кезеңінде тарихи тамырдан ажырамай, ұлттың өзіндік келбетін сақтау қалу үшін аса маңызды қадам екені анық.
Спорт • 15 Наурыз, 2024
Тарихи нәтиже: Данил Васильев FIS кубогінің жеңімпазы атанды
Польша елінің Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогінде Қазақстан спортшысы Данил Васильев 249.4 ұпаймен алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Наурыз, 2024
«Жолдамаға жақын»: Қазақ таэквондошысы жартылай финалға шықты
Таэквондодан Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Батырхан Төлеуғали үндістандық Акшай Худаны айқын басымдықпен (2-0) ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Наурыз, 2024
Журналистердің сот залына кіру құқығы қандай? Жоғарғы Сот судьясы түсіндірді
Жоғарғы Соттың судьясы Назгүл Рахметуллина қоғамды дүр сілкіндірген экс-министр Қ.Бишімбаевтың сот процесіне журналистердің қатысу құқығын талқылап, пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Наурыз, 2024
Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 13 Наурыз, 2024
Белградтағы бокс кеші: Ұлттық құрама 12 салмақ бойынша жұдырықтасады
Сербия елінің бас қаласы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы басталды. 16 елдің 106 боксшысы қолғаптарын түйістіретін халықаралық турнир наурыздың 17-сіне дейін жалғасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Рухани мұраға қатысты заң түгілі сынық сүйем құжат та жоқ - депутат
Мәжіліс отырысында «AMANAT» фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан вице-премьер Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, елімізде рухани мұраны қолдауға көңіл бөлінбей отырғанын айтты. Депутаттың айтуынша, қазақ халқының материалдық емес рухани мұрасы – ұлттың иммунитеті. Көзбен көруге, қолмен ұстауға келмейтін, бірақ жаныңмен сезінетін осы құндылықтар болмаса, ұлттың жаны жалаңаштанады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 13 Наурыз, 2024
Ел азаматтары Таиландқа визасыз бара алады
Қазақстан азаматтары Таиландқа 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады. Тиісті Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Бокстан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирі Тайландта өтеді
Бұл туралы @sportqazaq телеграм парақшасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Дзюдошылар Австриядағы маңызды гран-при турнирінде жүлдесіз қалды
Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі мәресіне жетті. Ел спортшыларының қоржыны бұл сында бос қалды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Спорт • 12 Наурыз, 2024
Қазақ боксшылары Париж Олимпиадасына 5 жолдама жеңіп алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады. Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни, Қазақстанның әйелдер құрамасы олимпиадаға лицензия ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Наурыз, 2024
Президент Жұмабай Шаштайұлының жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 11 Наурыз, 2024
Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Арай Асылбекқызы Оразова Оқу-ағарту вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 11 Наурыз, 2024
Олимпиадаға іріктеу турнирі: Құрама капитаны ширек финалға шықты
Отандасымыз Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде 11-інші наурызға қараған түнгі сағат 00:30-да 1/8 финалында шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2024
Шымкент тұрғыны жалған шот-фактура жазып, салықтан жалтарып келген
Шымкент тұрғыны қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып келген. Аталған фактіні ҚМА аймақтық департаменті тергеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 10 Наурыз, 2024
«Олимпиадаға бір қадам». Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты
Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде Алуа Балқыбекова ширек финалға шықты, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Жолдамаға бір қадам: Валентина Хальзова әлем чемпионын жеңді
Бірінші айналымды автоматты түрде артқа тастап, доданы 1\8-финалдан бастаған Валентина Хальзова бүгін түрік боксшысымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Қазақстанның қыздар құрамасы үздік үштікті түйіндеді
Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық «Yasar dogu&vehbi emre» турнирінде еліміздің қыздар құрамасы жалпы командалық есепте 133 ұпаймен үшінші орын алды. Команда қоржынында 2 күміс, 4 қола бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Наурыз, 2024
Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды
Қазақстан спортшысы Еркін Ғаббасов пара оқ атудан Әлем Кубогында екінші орын алып, Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Жарыс ережесі бойынша жартылай финалда 1-8 орынға тұрақтағандар финалға өтеді, Отандасымыз R1 дисциплинасының жартылай финалында 7 орынға тұрақтап, финалға шығып, 246,8 ұпаймен жарыстың күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.