«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс»
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Адал адам - әділетті қоғам тірегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында жасампаздық және жаңашылдықты басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.