«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы
Қазақстан • 21 Мамыр, 2021
Бүгінге дейін 294 адам «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды
Тәуелсіздік алған жылдардан мемлекет тарапынан білім алуға, шығармашылығын дамытуға, еңбектенуге ұмтылған жастарды қолдау мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылуда. Олардың бірі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен тағайындалған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Осы жылдар ішінде 294 адам сыйлық иегері атанды. Бұл туралы АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.