Мәдениет • Бүгін, 15:34

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Фото: gov.kz

Айта кетейік, байқауға 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар ел азаматтары қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.

Байқау 10 номинация бойынша өтеді:

  • «Әдебиет»;
  • «Ғылым»;
  • «Дизайн және бейнелеу өнері»;
  • «Журналистика»;
  • «Классикалық музыка»;
  • «Креативті бастамалар»;
  • «Спорт»;
  • «Театр және кино»;
  • «Эстрада»;
  • «Халық шығармашылығы».

Үміткерлерді «Дарын» жастар сыйлығына мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер ұсынады. Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Еске сала кетейік, жыл сайын сыйлықты табыстау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі. «Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы дарынды жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 340-тан астам азамат иеленген.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2024 жылғы 17 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылдайды. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады. Байланыс нөмірлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.

Толығырақ мына сілтемеден көруге болады. 

Соңғы жаңалықтар

Өңір және Жолдау жауапкершілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:15