«Кәсіби қазақ тілі»
Қоғам • 22 Мамыр, 2023
ЖОО бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізу жоспарланып отыр
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізуді жоспарлап отыр. Ол білім алу тіліне қарамастан, студенттердің бәріне ортақ міндетті пән болады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.