Еске салайық, Amanat, Ақ жол партияларының және бір мандатты округтен сайланған бірқатар депутаттар Мәжіліс мінберінде мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, терминологияны біріздендіру қажеттігін айтқан еді.
Соған орай, Алтай Көлгіновтің жауабынан Ғылым және жоғары білім министрлігі міндетті сипаттағы нормативтік терминологиялық сөздіктерді шығару мәселесін пысықтап жатқаны белгілі болды.
Бұл сөздіктер жоспар бойынша 2026-2027 жылдары дайын болмақ. Олар аталған министрлік жанындағы республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер негізінде әзірленеді.