«жасыл» инвестиция
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.