«Өрлеу» IX халықаралық байқау
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Алматыда «Өрлеу» IX халықаралық байқауы өтті
Алматыда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» IX халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы өнер додасына 8 елдің 134 талантты жас бишісі қатысты. Олар «Классикалық би», «Халық биі» және «Заманауи хореография» аталымдары бойынша бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.