АХҚО басқарушысын қабылдады
Президент • 02 Мамыр, 2024
Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Президентке АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндалып, орталықты дамыту жоспары таныстырылды. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.