Абыз
Әдебиет • 07 Ақпан, 2022
Кеше Алматы жұртшылығы көрнекті қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовті соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
Руханият • 05 Желтоқсан, 2021
1999 жылы «Арыс» баспасынан Ғарифолла Әнестің жауапты редакторлығымен шыққан Ә.Кекілбаевтың «Дүние ғапыл. Өлеңдер мен драма» кітабындағы оның ақындық қырымен қатар, әр жылдардағы жазылған осы өлеңдер жинағының «Таңғы кәлимадан» басталып, «Түнгі кәлимамен» аяқталатындығына көңіл аударғым келеді. Осылайша кемеңгер Әбіш Кекілбайұлы адамның өмірге келуі мен өмірден о дүниеге кетуін «таң мен түнге» теңеп, 60 жасқа толар алдындағы өзінің ойын түгендеп, қорытқанға ұқсайды.
Руханият • 23 Қараша, 2021
Клара Шайыр ауылындағы мектептің жетінші класында оқып жүргенде оқушылардың мектепаралық фестиваліне қатысады. Орыс тілінде өлең оқып, екінші орынға ие болады. Сол кезде есіктің алдында үш-төрт баланың арасында тұрған Әбіштің көзіне түседі. Клубтың іші салқын болса керек, оның жеңіл киінгенін көрген Әбіш: «Апырым-ай, мына қыз тоңып қалмаса екен» депті. Кейіннен сегізінші класқа жеткенде, Клара Үштағанға көшеді. Сондағы Таушық мектеп-интернатында ауданның 13 колхозынан келген балалар оқитын болады. Солардың ішінде Әбіш те бар еді. Осылайша, бұлар Таушықта тағы кездесіп, бір мектепте оқи бастайды. Әбекең интернатта тұрып оқыса, Клара туыс аға-жеңгесінің үйінде тұрады. Клара Әбіштен бір класс төмен оқыған. Сол кезден бастап екеуі бір-біріне көңіл аудара бастайды. Әбіш комсомол ұйымының хатшысы, ал Клара – ұйымның мүшесі. Осылайша, 9-класта Әбіш жүріс-тұрысы да, өзі де сұлу, қос жуан бұрымы көйлегінің етегінен түскен аласа бойлы қызға ғашық болып қалады.