Айнакөл
Экология • 08 Қыркүйек, 2021
Айнакөл «қартайды», айдынынан әр тайды
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі жіберілген кейбір қателіктерден өңіріне сексен көлден сексен алқа таққан делінетін Көкшенің баурайындағы 1 515 көлдің жартысынан астамы жер бетінен жоғалып кеткен. Қазірдің өзінде жүздеген көлдің суы азайып, табаны тайызданып, жағалауы түгіл жарым айдыны ми батпаққа айналып, қамыс, қоға басып тұр.