Алтынорда
Әдебиет • 22 Желтоқсан, 2021
Алтын Ордадан жолданған мінәжат-хаттар
Бір кездері ғылым-білімнің кенiшi болған Алтын Ордадан озық ойлы ғалым-ғұламалармен қатар, өздерінің қайталанбас туындыларымен адамзат баласын тамсандырған ақын-шайырлар да шыққан. Мұның жарқын дәлелі – Алтын Орда билігі тұсында дүниеге келген әдеби жәдігерлер. Бұл дәуірде туралық пен пәктікті, имандылық пен ізгілікті жырлау басты орында тұрды. Кемелдікке жетелейтін даналық сөздерді оқыған халықтың жүрегінде иман нұры ұялап, ақиқатты тануға деген құштарлық пайда болды. Оқырманын кемелдікке жетелеген сондай шығармалардың бірі – Харезмидiң «Махаббатнамасы».