Асырған
Елбасы • 30 Қараша, 2021
XX ғасырдағы 80-жылдарының соңы мен 90-жылдардың басындағы сындарлы оқиғалар сол кезеңдегі халықаралық қарым-қатынастардың биполярлық жүйесін құлдыратты. Сөйтіп, әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Ғаламдық геосаясатта тектоникалық өзгерістермен қатар, Еуразия мен Шығыс Еуропа кеңістігінде бұрыннан қордаланып қалған және жаңадан пайда болған азаматтық және мемлекетаралық қақтығыстар шиеленісе түсті. Сонымен бірге ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм, діни экстремизм, терроризм, есірткінің заңсыз айналымы секілді жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер шыға бастады. Бұл посткеңестік елдерге ғана емес, шартарапта орныққан әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін еді.