Елбасы • 30 Қараша, 2021

Елбасы жүзеге асырған бастама

829 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

XX ғасырдағы 80-жылдары­ның соңы мен 90-жылдар­дың басындағы сындарлы оқиға­лар сол кезеңдегі халықаралық қа­рым-қатынастардың биполяр­лық жүйесін құлдыратты. Сөйтіп, әлемнің саяси картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Ғаламдық геосаясатта тек­тоникалық өзгерістермен қатар, Еуразия мен Шығыс Еуропа кеңіс­тігінде бұрыннан қордаланып қалған және жаңадан пайда болған азаматтық және мемлекетара­лық қақтығыстар шиеленісе түсті. Сонымен бірге ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм, діни экстремизм, терроризм, есірткінің заңсыз айналымы секілді жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер шыға бастады. Бұл посткеңестік елдерге ғана емес, шартарапта орныққан әлеуметтік-саяси және экономикалық тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін еді.

Елбасы жүзеге асырған бастама

Уақыт талабынан туған бастама

Мұндай жағдайда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің алдында өз ұлттық болмысына негізделген мемлекеттілігін орнату, саяси және қоғамдық-эконо­ми­калық даму моделін таңдау секіл­ді маңызды міндеттер тұрды. Сон­дай-ақ мемлекеттік тәуелсіздік және еге­мен­діктікпен қоса, аумақтық тұтас­тық пен ұлттық мүдделерді қорғау, ай­мақ­т­ық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақ­­­­са­тында қолайлы жағдайды қалып­тас­­­ты­ру және әрі қарай халықаралық қо­ғам­­дастыққа интеграциялану сияқты өзекті мәселелерді шешу қажет болатын.

Халықаралық координаттар жүйе­сінің түбегейлі өзгеруі мемлекеттерді жаңа екіжақты және көпжақты формат­тарда өзара ықпалдастық пен ынты­мақтастықтың жаңа жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Аймақтық деңгейде өзара ықпалдастықтың және қауіпсіздікті қам­тамасыз етудің тиісті тетіктерін қа­лып­тастырмай қарқынды жаһандану жағдайында елдің тұрақты ішкі дамуы­на қол жеткізу оңайға соқпаушы еді.

Мұндай аласапыран жағдайда Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы сая­сатта көпвекторлы және көпжақты дип­ломатия қағидаттарын ілгерілетуге ба­тыл бағыт алып, аймақтық және ға­лам­­дық деңгейде бейбітшілік пен қауіп­сіздікті қолдауға бағытталған бірқа­тар халықаралық бастама көтерді. Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шара­­лары жөніндегі кеңесін (Азия Кеңесі) құру туралы ұсыныс соның бірі еді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық­аралық қоғамдастыққа Азияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тиімді әрі әмбебап құрылымының негізін қа­лау туралы ұсынысты алғаш рет 1992 жыл­­­ғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының мінберінде жариялады. Қазақ­станның Тұңғыш Президенті атал­­ған бастаманың мақсаты Азияда бұ­­рынғы сәтсіз әрекеттерді ескере оты­­­рып және басқа континенттермен салыс­­тыр­­ғанда бұрын-соңды болмаған ұжым­­дық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірың­ғай тетігін құру екендігін атап өтті.

Қазақстандық ғалым Кәрімжан Шәкіровтің айтуынша, «Қазақстанның бұл бастамасының негізгі мақсаты – Азия­да ықтимал әскери қауіптер дең­гейін нақты төмендетуге бағыттал­ған, сондай-ақ әрбір қатысушысы қорға­латын, ал оның қауіпсіздігіне халық­ара­лық-құқықтық шаралар кешені кепілдік беретін қауіпсіздік жүйесін құру».

90-жылдары Сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев бас­таған қазақстандық дипломаттар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасын жүзеге асыру жолында орасан зор еңбек атқарған болатын. 1999 жылғы 14 қыркүйекте Алматы қаласында өткен Азия Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің бірінші кездесуі барысында қабылданған Азия Кеңесінің мүше мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясы процестің келешектегі дамуының негізін қалаған алғашқы ресми құжатқа айналды.

Аталған декларацияда форумның мүше мемлекеттері БҰҰ Жарғысының мақ­саттары мен қағидаттарына өз бейін­ділігін растады. Сондай-ақ онда халық­аралық құқықтың жалпыға бірдей таныл­ған қағидаттары көрініс тапты. Кеңес­ке мүше барлық мемлекеттердің еге­мен­дігі мен құқықтарын құрметтеу, аумақ­тық тұтастықты сақтау және бір-бірі­нің ішкі істеріне араласпау ескерілді. Дау­ларды бейбіт жолмен реттеу, күш қол­дану­дан бас тарту, қарусыздану және қару­лануды бақылау мәселесі де көр­сетілді. Сауда-экономикалық, әлеумет­тік, мәдени және гуманитарлық салалар­дағы ынтымақтастық, БҰҰ және халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес адамның негізгі құқықтарын құрметтеу міндеттелді.

Азиядағы өзара іс-қимыл және се­нім шаралары жөніндегі кеңес құрыл­ғаны­нан бастап жиырма жылдан астам уа­қыт ішінде басқа өңірлік ұйымдармен қа­тар жалпыазиялық қауіпсіздік архитек­турасында лайықты орын алғаны дау ту­дырмайды. Азия Кеңесі сенім мен ын­тымақтастықты нығайту арқылы Азия­дағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұ­рақ­тылықты қамта­ма­сыз етуге бағытталған тиімді халық­аралық форум ретінде танылды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңесті құру жөніндегі бастамасын Азия ел­дері­нің көпшілігі, сондай-ақ БҰҰ және басқа беделді халықаралық ұйым­дар бір­ден қолдаған болатын. Бүгін­гі таңда Форум Тынық мұхитынан Жерор­та теңізіне дейін, Оралдан Үнді мұ­хитына дейін 27 мемлекетті біріктіреді. Бұдан бөлек, 9 мемлекет пен БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйым бақылаушы мәртебесіне ие. Шан­хай ын­ты­мақтастық ұйымымен (ШЫҰ), ШЫҰ Аймақтық терроризм­ге қарсы құры­лымымен (ШЫҰ АТҚҚ), Эконо­мика­лық ынтымақтастық ұйымы­мен (ЭЫҰ), БҰҰ Есірткі және қылмыс бо­йынша басқармасымен және Қазақстан халқы Ассамблеясымен әріптестік келісімдер жасалды.

Азия Кеңесінің негізін қалаушы ма­ңыз­ды құжат – Алматы актісі 2002 жылы Азия Кеңесінің Бірінші саммиті бары­сында мемлекеттер және үкіметтер басшылары тарапынан қабылданды. Құжат бүгінде Кеңестің Жарғысы саналады. Бұл тарихи құжатта мүше мемлекеттер Азияда ортақ және мызғымас қауіпсіздік кеңістігін құру туралы шешімін жариялады. Барлық мемлекет бейбіт қатар өмір сүреді және олардың халықтары бейбітшілік, қауіпсіздік пен даму бірін-бірі толықтырып, нығайтады деген ойға кәміл сенімін білдірді.

Азиялық көпжақты дипломатия тарихындағы бірегей құжат – «Азия Кеңесінің сенім шаралары каталогында» мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы үшін тиісті өлшемдер бекітілді.

Азия кеңесінің басты артықшылығы – қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты қамту. Бұл бес ауқымды бағытты қам­тиды: әскери-саяси, жаңа қауіп-қатер­лермен күрес, экономикалық, қорша­ған ор­­таны қорғау, гуманитарлық қауіп­сіз­­дікті қамтамасыз етуден тұр­ады. Фо­рум мүше мемлекеттерінің арасын­да­ғы өзара іс-қимыл салаларының саны дәйек­ті түрде ұлғайып келеді. Оларға эколо­гия, туризм, білім беру, жастар сая­саты, шағын және орта бизнес, ауыл шаруа­шылығы, жаңа қауіп-қатерлерге қар­сы іс-шаралар, соның ішінде кибер қы­лмыстар мен жаңа вирустардың тара­луы және терроризм мен заңсыз есірткі ай­на­лымына қарсы күрес сынды мәселелер кіреді.

Сенім шараларының іс жүзінде іске асырылуын бақылайтын үйлестіруші және тең үйлестіруші мемлекеттер анық­талды. Мүше мемлекеттер сенім ша­раларын ерікті және кезең-кезең­мен іске асыруға уағдаласты. Бар­лық шешім Кеңес шеңберінде инклю­зивтік және кемсітпеушілік қағи­дат­тарын қамтамасыз ететін консенсус негізінде қабылданады.

Азия Кеңесінің құрылғаннан бері бес Саммиті және алты Сыртқы істер ми­нистрлерінің кездесуі өтті. Бұл мүше мемлекеттердің саяси тұрғыдан Форум процесіне белсенді қолдауының көрі­нісі. Азия Кеңесі төрағалығы лауазы­мын Қазақстан (2002-2010 жылдары), Түркия (2010-2014 жылдары), Қытай (2014-2018 жылдары) және Тәжік­стан (2018-2020 жылдары) кезең-кезең­мен алған болатын. Форумның ұйым­дық құ­рылымы қалыптастырылды және оның шеңберінде қауіпсіздік сала­сын­дағы кең ауқымды мәселелерді қамти­­тын саяси консультациялары тұрақ­ты түрде өткізіледі. Азия Кеңесі­нің инс­титуттары Жастар кеңесі мен Іскер­лік кеңес тиімді жұмыс істейді және Биз­нес форум мен Үкіметтік емес ұйым­дар форумының отырыстары жү­йелі түрде ұйымдыстарылады. Азия Кеңе­сінің тұрақты хатшылығы Нұр-Сұл­тан қаласындағы заманауи ЭКСПО кешенінің ғимаратында орналасқан. 

 Табысты төрағалық

2020 жылы Қазақстан Азия Кеңесі төр­ағалығына екінші мәрте тағайын­да­лып, жиынның келешектегі дамуына қатысты көзқарасымен бөлісті. Осы­лай­­ша, биылғы 12 қазанда Нұр-Сұлт­ан қа­ласында өткен Азия Кеңесінің Сырт­­­қы істер министрлерінің 6-шы кез­­де­суіне қатысқан делегация басшы­лары­­­мен өткен кездесуі бары­сын­да Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқаев бір­қатар нақты басымдықтарды атап өтті.

Біріншіден, Азия Кеңесінің келе­шектегі институционалды дамуы. Азия Кеңесін өңірлік қауіпсіздік жө­ніндегі толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы ұсынысты бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2012 жылы бастаманың 20 жылдығына орайластырылған Азия Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 4-ші мерейтойлық кездесуі барысында ұсынған болатын.

Төрағалық аталған ұсынысты әртүрлі деңгейде жүйелі түрде Кеңес шең­берінде талқылауды ұйымдастырады. Хат­шылық, өз тарапынан, төрағалыққа қол­ғабыс көрсете отырып, қажетті талдау-са­рап­тамалық жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстанның төрағалығы барысында өткен соңғы Азия Кеңесінің Сыртқы істер министрлері 6-шы кездесуінің нәтижесінде маңызды құжаттар қабылданды: Азия Кеңесінің Сенім шараларының жаңа нұсқасы, Азия кеңесінің жаңадан құрылған кеңесші орган – Алқамандар алқасы ережесі және Талдау орталықтары форумының ережесі.

 Азия қауіпсіздігінің кепілі

Кейінгі жылдары өткізілген Саммит­тер мен Сыртқы істер министр­лері­нің кез­десулері барысында Азия Кеңесіне мүше мемлекеттер кең ауқымды мәселе­лерін талқылау диалогына белсен­ді қатыса отырып, халықаралық қоғамдас­тықтың іс-әрекеттері мен реттеуін талап ететін жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге, аймақтық мәселелерге ерекше назар аударып келеді.

Азия Кеңесі процесінің негізін салушы ел ретінде Қазақстан жиынды біртіндеп, алайда дәйекті түрде халық­аралық ұйымға айналдыруды ұсынады. Бұл өз кезегінде құрлықтық және жа­һан­дық қауіпсіздік мәселелеріндегі Ке­ңес­тің рөлін одан әрі нығайтуға, сенім шараларын іске асырудың тиімді­лігін арттыруға және Азия Кеңесі құрал­дарын жаңа міндеттерді шешуге бейімдеуге әкеледі.

Танымал қазақстандық сарапшы Мұрат Лаумулиннің пікірінше, «бүгінгі таңда Азия Кеңесінің алдын­да ынтымақтастықтың жаңа деңгейі – превентивті дипломатия мен қақтығыс­тардың алдын алу мәселесі тұр».

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада Азия Кеңесінің аясында халықаралық медиацияны іске асыра алатын толыққанды қауіпсіздік жүйесін құру перспективасын атап өтті. Бұл ретте, Қазақстан дипломатиясында мұндай медиация тәжірибесі бар болғандықтан, оны Кеңес аясында кеңейту қажет.

Азия XXI ғасырдың әлемдік дамудың басты серпіліс беретін күштерінің біріне жатады, ал оның рөлі мен мәні әлі де ұл­ғая­тыны сөзсіз. Мәдени және этнос­тық саналуандылығымен, қарқынды эко­но­микалық дамуымен және өзара бай­ланыстың артуымен таңғалдыратын планетаның халық көп қоныстанған айма­ғы өзінің жаһандық масштабтағы жаңа рөлін жауапкершілікпен қабыл­дауға тиіс.

Өкінішке қарай, Азияда әлі де ұзаққа созылған қақтығыстар жалғасуда, өзара сенімсіздік те жоқ емес. Халықаралық терроризм мен экстремизм, заңсыз есірткі саудасы мен көші-қон, діни және этностық төзімсіздік, экологиялық апаттар сияқты қазіргі заманның жаһан­дық мәселелері өршіп тұр. Бұл қауіп-қатерлерді Азия мемлекеттері тек ортақ ұстаным қалыптастыру арқылы ғана шеше алады.

Азия Кеңесін құру туралы үндеуінен бастап оны жүзеге асыруға дейін Кеңес елеулі жолынан өтіп, қазіргі уақыт­та кең ауқымды қауіпсіздік мәселе­лері бо­йынша Азия мемлекеттері арасын­дағы өзара әрекеттестіктің сұраны­сына ие платформа болып қалыптас­ты. Азия Ке­ңесіне мүше елдер Азия халық­тары­ның өз болашағын айқындайтын және ғаламдық саясатта маңызы артып келе жатқан құрлықтың халықаралық қа­уіп­сіздік пен ынтымақтастықты ны­ғай­ту­дың ең тиімді жолдарын таңдай­тын уақыты келді деген пікірмен келіседі.

Елбасы осыдан отыз жылдай бұрын бас­тамашылық жасаған Азия Кеңесі алаңында мүше мемлекеттердің қар­қын­ды өзара ықпалдастығы әлемдік қарым-қатынастардағы Азияның жаңа рөлін түсінуге ықпал еткені сөзсіз. 2019 жылғы 15 маусымда Душанбеде өткен Бесінші саммит декларациясында Азия Кеңесі мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жиынның негізін қалаушы ретіндегі жеке рөлін жоғары бағалай отырып, Кеңестің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ризашылығын білдіріп және оның келешектегі Азия Кеңесінің әлеуетін арт­тыруға және Азиядағы бейбітшілік, қауіп­сіздік пен өзара ықпалдастықты қам­та­масыз етуге белсенді қатысуын құптады. 

Биылғы 12 қазанда өткен Азия Кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуінде жаңадан құрылған кеңес органы Ақылмандар алқасының басшысы лауазымына Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың кандидатурасы ұсыныл­ған болатын. Азия Кеңесі мүше мемле­кетт­ері Елбасының кандидатурасын бірауыз­дан мақұлдады. Осының бәрі Қазақ­станның Тұңғыш Президентінің Азия құр­лығында бейбітшілік пен тұрақты­лық ісіне сіңіріп келе жатқан еңбегі мен үлесінің айғағы болса, ал Азия Кеңесінің қазіргі әлеуеті бейбітшілік пен қауіпсіздік жолында жасалған ұмтылыс пен жұмсалған ерік-жігердің жүзеге асырылуының айқын көрінісі.

 Қайрат САРЫБАЙ,

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Атқарушы директоры