Асқарбек Өсербаев
Қоғам • 23 Сәуір, 2021
Пара алған шенеунік 72 млн теңге айыппұл төлемек
«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТК) Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Асқарбек Өсербаев пара алғаны үшін 72 миллион теңге айыппұл төлеуге тиіс. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.