«12 сәуірде Нұр-Сұлтан қалалық Есіл ауданының №2 аудандық сотының шешімімен «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» Басқарма төрағасының орынбасары Үсербаевқа 72 миллион теңге көлемінде айыппұлы салынды», деді Д.Биғайдаров брифингте.
А.Өсербаев 17 ақпанда «ФН Менеджмент» ЖШС директоры Тәжібаевтан мүлікті басқару ұйымына қызмет көрсету туралы келісім бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 2,4 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.
«Сондай-ақ сот үкімімен ЖШС директоры Тәжібаевқа да 48 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», деді Д. Биғайдаров.