Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту
Үкімет • 19 Тамыз, 2023
Серік Жұманғарин CITIC Group компаниясын ауыл шаруашылығына инвестиция салуға шақырды
CITIC Group – қаржы-банктік қызметпен, сақтандырумен, экономиканың өнеркәсіптік және құрылыс секторларына инвестициялаумен, энергетикамен, минералды ресурстарды игерумен, машина жасаумен, көлік және телекоммуникациямен, жылжымайтын мүлікпен айналысатын ірі мемлекеттік конгломерат. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Fortune Global 500 компанияларының халықаралық рейтингінде 102-орын иеленді. Қызметтің өнеркәсіптік векторына қарамастан, бүгінде компания ауыл шаруашылығы бағытын белсенді дамытуда. Алашанькоуда ет өңдеу комбинатын салуды жоспарлап отыр. Кездесуде тараптар Қазақстандағы ауыл шаруашылығына инвестиция құю мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.