Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Тао Ян атап өткендей, CITIC конгломераты қазақстандық мал өсіру қауымдастығымен тығыз байланыста.
«Қазір Қазақстанда бидай негізіндегі жемшөп өндіретін зауыт құру жобасымен жұмыс істеп жатырмыз. Қытайда мұндай жемге үлкен қажеттілік бар. Жақында Үшаралда сиыр өсірумен айланысатын жергілікті серіктестерімен кездестік. Олар аймақтық компания құруға ниетті, оларда мал өсіру жағдайлары Шыңжаңға қарағанда жақсырақ. Алайда тірі мал мен етті Қазақстаннан ҚХР-ға әкетуге шектеу қою мәселесі бар», деді конгломерат басшысы.
Серік Жұманғарин ҚР барлық аумағынан ет өнімдерін экспорттауды Қытай тарапы эпизоотияға байланысты тоқтатқанын атап өтті. Бірақ екі елдің уәкілетті органдары қазір бұл шектеулерді алу үшін белсенді жұмыс істеуде.
«Біз үшін шектеулерді мүмкіндігінше тезірек алып тастау мәселесін шешу өте маңызды, Қазақстанның Қытайға ет жеткізуді қамтамасыз етудің мүмкіндіктері зор. Осы жылдың наурыз айында Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы Қазақстанның бес оңтүстік-шығыс өңірін вакцинациямен аусылдан таза деп жариялады», деді ол.
Қазақстанның вице-премьері CITIC CONSTRUCTION президентіне ауыл шаруашылығына қатысты инвестициялардың бірнеше бағытын қарауды ұсынды. Біріншісі, СУАР-ға іргелес аумақта өсімдіктерді, жем-шөптер мен жануарларды бірге өсіру. Екіншісі, сиырлар мен қойларды бірге өсіру.
«Қазақстан аумағында тері мен жүнді қайта өңдеу, сүт, құс өсіру өндірістері жетіспейді. Осы салаларға, суару жобаларына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын. ҚР Үкіметі жобаларды сәтті іске асыруға жәрдемдесуге дайын, өйткені CITIC Group Қазақстанның сенімді инвестициялық серіктесі», деді Серік Жұманғарин.
Қазақстандағы CITIC Group қатысуымен жобалар:
1) Қаражанбасмұнай «АҚ – «ҚМГ «БӨ» АҚ (50%) және «CITIC Group» (50%) акционерлері.
2) «CASPI BITUM «БК» ЖШС битум зауыты.
3) «CITIC Kazyna Investment Fund I». Қордың инвесторлары – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (49,9%), «CITIC Group» (37,4%) және онымен үлестес «Sun Success International Limited» компаниясы (12,5%). Қорды инвестициялық басқару тепе-теңдік негізінде жүзеге асырылады.
4) «Eurasian Nurly Investment Fund» бірлескен тікелей инвестициялар қоры – «CITIC Group» корпорациясының және басқа да бірқатар серіктестердің қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-мен бірлесіп жасаған жобасы.
5) Талдықорған – Өскемен (764 км) және Үшарал – Достық (180 км) учаскелеріндегі автожолдарды реконструкциялауға арналған бас мердігерлік шарт.
6) Қаражанбас кен орнында қат-қабат суын терең өңдеу. Жобаның мақсаты – технологиялық қажеттіліктер үшін тәулігіне 17 мың текше метр көлемінде тұщыландырылған қат-қабат суын өндіру, сондай-ақ халықтың қажеттіліктеріне жеткізу. Нысан сынақ режимінде 2022 жылғы 7 шілдеде пайдалануға берілді.