Ақтөбе
Оқиға • Бүгін, 17:37
Ақтөбеде 188 адам уланған мейрамхана санитариялық қорытындысыз жұмыс істеген
Ақтөбе облысында жаппай тағамнан улану тіркелген «Тұмар» мейрамханасы тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 11:59
Ақтөбедегі арнайы мектепте аутизмге шалдыққан бала жарақат алды
Ақтөбеде аутизм диагнозы қойылған бес жасар баланың арнайы мектепте жарақат алуына байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастады. Баланың анасының айтуынша, оқиға оқу орнының ішінде болған. Оның сөзінше, ұлын басқа тәрбиеленуші баспалдақтан итеріп жіберген. Сол кезде тәрбиеші балаларды қараусыз қалдырған көрінеді. Құлаған бала түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:05
Ақтөбеде никаб киіп, ұялы телефон ұрлаған әйелдер ұсталды
Ақтөбеде екі әйел қымбат смартфондарды ұрлау үшін ерекше тәсіл қолданған. Олар беттерін толық жабатын никаб киіп, ұялы байланыс дүкеніне кіріп, бағалы телефондарды қолды еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Маусым, 2026
Жемқорлыққа қарсы қызметтің «өкілі» ақтөбеліктерді тақырға отырғызды
Өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі ретінде таныстырған 46 жастағы ақтөбелік тұрғындарға арзан пәтер мен миллиондаған теңгелік қайтарымсыз несие әперуді уәде еткен. Алаяқтың арбауына түскен азаматтар миллиондаған қаражатынан айырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Маусым, 2026
Ақтөбе облысы аумағында республикалық автожол бөлігі уақытша жабылды
Бүгін сағат 17:00-ден бастап Ақтөбе облысындағы KAZ06 «РФ шекарасы (Самара бағыты) – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 763-773 шақырым аралығы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 27 Маусым, 2026
Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртенді: 34 адам эвакуацияланды
Түнде Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 26 Маусым, 2026
Ақтөбеде танысын бейнежазбаларды таратамын деп бопсалаған күдікті қамауға алынды
Ақтөбе қаласының тұрғыны танысының үстінен полицияға арыз түсірді. Ол ер адамның өзінің келісімінсіз түсірілген бейнежазбаларын таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 25 Маусым, 2026
Ақтөбеде еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды
Ақтөбе қаласында жаңа футбол стадионының құрылысы басталды. 34 980 көрерменге арналған заманауи спорт нысаны еліміздегі ең үлкен стадион болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2026
«Қауіпсіз шотқа ақша аударыңыз»: Ақтөбе тұрғынының қомақты қаржысын алаяқтар иемденіп кеткен
Ақтөбеде 39 жастағы ер адамға алаяқтар WhatsApp арқылы қоңырау шалған. Телефон арқылы таныстықтың салдары қомақты қаржыдан айырылуға әкеліп соққан, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2026
Ақтөбеде караоке-клуб ғимараты өртенді
Ақтөбе қаласында Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы караоке-клуб ғимаратында өрт шыққан. Өрт нысанның екінші қабатындағы бөлмесін және шатырын шарпыған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2026
Ақтөбе облысында 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында 19 жастағы жігітке найзағай түсіп, қайтыс болды. Оның мәйіті Ақмоласай ауылының маңынан табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Маусым, 2026
Ақтөбе облысындағы мейрамханада тағамнан уланғандар саны 113-ке жетті
Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында мейрамханаға барғаннан кейін уланғандар саны 113 адамға жетті. Олардың арасында 16 бала бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Маусым, 2026
Брюссельден Ақтөбеге дейін: Қазақстан жол құрылысына 229,5 млрд теңге тартты
Брюссель қаласында елдегі маңызды жол жобаларының бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің учаскесін қайта жаңарту бойынша келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 23 Маусым, 2026
Ақтөбеде 102 адам тамақтан уланды: Полиция қылмыстық іс қозғады
Қандыағаш қаласында өткен банкетке қатысқан 102 адамның улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Маусым, 2026
Ақтөбе облысында тойдан кейін 100-ден астам адам уланып, ауруханаға түсті
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында өткен тойда 102 адам тағамнан уланып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Маусым, 2026
Ақтөбедегі дауыл: Екі көпқабатты және бес жеке тұрғын үйдің шатыры зақымданған
Ақтөбеде қатты дауылдың екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде табиғи құбылыстың салдарын жариялап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2026
Ақтөбеде алапат дауыл ағаштарды құлатып, көліктерге зақым келтірді
21 маусым күні түстен кейін Ақтөбе аспаны тосын мінез көрсетіп, тұрғындарды әбігерге салды. Қалада қатты жел салдарынан ағаштар тамырымен жұлынып, кейбір аудандарда электр жарығы өшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Маусым, 2026
Төрт адамның өмірін қиған өрт: Ақтөбеде автогаз құю бекетінің иесі қамауға алынды
Ақтөбеде көлік өртеніп, бір отбасының төрт мүшесі, оның ішінде екі бала қаза тапқан қайғылы оқиғаға байланысты автогаз құю бекетінің иесі ұсталды. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Маусым, 2026
Ақтөбеде үш адам көлік ішінде тірідей жанып кетті
Оқиға кеше түнгі сағат 22:55-те Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю бекетінің аумағында болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 15 Маусым, 2026
Димаш Құдайберген өзінің LEGO-портретін жасаған оқушыларға жолдама сыйлады
Димаш Құдайберген шығармашылық іссапармен Ақтөбе қаласында болды. Әнші ең алдымен өзі оқыған №32 гимназияға, одан кейін академиялық вокал мамандығы бойынша білім алған Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2026
Сапасыз құрылыс: Ақтөбеде жаңа үйлерді бұзу жұмыстары басталды
Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған екі бірдей көпқабатты үйді сүре бастады. Құрылысына 337 миллион теңге жұмсалған үйлер небәрі үш жарым жыл ғана пайдаланылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң мен Тәртіп • 12 Маусым, 2026
Онлайн есірткі бизнесі: Ақтөбеде екі күдікті қамауға алынды
Ақтөбеде полиция қызметкерлері есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенді ұйымдастырған және оның жұмысына қатысы болды деген күдікпен екі жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 09 Маусым, 2026
Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 08 Маусым, 2026
Ақтөбеде жауын-шашын рекордтық деңгейге жетті
Соңғы үш апта ішінде Ақтөбеде бір жылға жуық жауын-шашын нормасы түсті. Соның салдарынан аулалар мен жолдарды су басып, су жүйелері нөсерді өткізе алмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 03 Маусым, 2026
Ақтөбе әкімі аппаратының бұрынғы басшысы үш жылға сотталды
Сот Нұрсұлтан Ісембайұлын Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 03 Маусым, 2026
Батыр есімі берілді: Ақтөбеде қоқыстан табылған нәрестенің жағдайы белгілі болды
Ақтөбеде көшеде пакет ішінен табылған жаңа туған нәрестені сәбилер үйіне ауыстыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Нәрестеге Батыр есімі берілген екен, деп жазады Egemen.kz.
Дәстүр • 30 Мамыр, 2026
Тарыдан 50 түрлі тағам: Ақтөбеде Шығанақ Берсиев мұрасын ұлықтаған гастрофестиваль өтті
Ақтөбеде тары дақылын өсіруді дәріптеуге арналған «Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 29 Мамыр, 2026
50 млн пара алған: Ақтөбеде құқық қорғау органының қызметкерлері сотталды
Ақтөбеде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің екі қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Екеуіне де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2026
Ақтөбеде футбол қақпасы баланың үстіне құлады
Ақтөбе қаласында футбол алаңындағы қақпа құлап, салдарынан бала зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 28 Мамыр, 2026
Ақтөбе облысында 1-сынып оқушысы мектепте бензин ішіп қойған
Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Исатай Тайманов атындағы гимназияда бірінші сынып оқушысы бензин иісі шыққан сұйықтықты ішкен. Оқиғадан кейін бала облыстық балалар ауруханасында ем алған, деп жазады Egemen.kz.