Банк ВТБ
Экономика • 01 Сәуір, 2021
Банк ВТБ «Кселл» кредит желісін 1 миллиард теңгеге ұлғайтты
Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор болып табылатын «Кселл» АҚ пен Банк ВТБ (Қазақстан) кредит лимитін 6 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Кредит желісінің мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жылдық 10,7% мөлшеріндегі сыйақы төлеумен ескерілген. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсамақ.
Қаржы • 07 Шілде, 2020
Банк ВТБ (Қазақстан) ШОБ қолдауға бөлінген қаражаттарды игерді
Бірақ бизнеске көмектесуді жалғастыруда. "Банк ВТБ (Қазақстан) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-мен COVID-19 пандемиясынан жапа шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін бөлінген қаражаттарды мерзімінен бұрын игерді. Мемлекеттік бағдарламаның шарттарына сәйкес, ВТБ шағын және орта бизнесті жеңілдіктік кредиттеуге жылдық 8% мөлшерлемесімен 9 млрд теңге лимит алды. Банктің кейбір клиенттері жеңілдіктік қарыздарды өтей бастағандықтан, банк бұл қайтарылатын қаражаттарды бағдарламаның іске асырылуына қайта бағыттай алды және 23 клиентке қолдау көрсете отырып, қаржыландырудың көлемін 10,1 млрд теңгеге дейін арттыра алды" деп хабарлайды Egemen.kz банк таратқан баспасөз деректеріне сілтеме жасап.