Басты бес тұжырым
Қоғам • 05 Маусым, 2024
Жаңа идеологиялық тұғырнама басты бес тұжырымға негізделген
Қазақстанның Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің «Egemen Qazaqstan» газетінде «Бірлік пен даму: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағдарының басты негіздері» мақаласы жарияланды. Аталған мақаланың «Жаңа идеологиялық тұғырнама» тақырыпшасында Президенттің 2019 жылдан бері дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан, идеологиялық сипаты «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасында көрініс тапқан саясаты басты бес тұжырымға негізделгенін, Президент оның әрқайсысын әртүрлі кезеңде ұсынып, саяси өмірге біртіндеп енгізіп келе жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.