Беймезгіл
Әдебиет • 11 Қараша, 2021
Дүниеден ерте қайтқан ақындар қазақта да жетіп артылады. Олар өмірден неге ерте кетті? Жастай дүниеден озған ақындар Жамбыл жерінде де көп. «Ел көзіне түскен соң ерте гүлдеп, Мен жайында аңыз көп, ертегі көп», деп жырлаған Серік Томанов 47 жасында дүние салды. Серіктің «Эпитафия» (Құлпытастағы жазу) өлеңі жүрекке салмақ салатыны сөзсіз.