Бердібек Соқпақбаев – 100
Тұлға • 13 Маусым, 2024
Ол сөйлеп отыр. Ал мен оны үнсіз тыңдаудамын. Осылай сүт пісірілім уақыт өтті. Бір кезде әңгіме иесі екпіндете айтқан сөзін бәсеңдеткендей болды. Сөйтті де: «Бәрі есімде ғой аға, – деді. – Жаз айы. Тау етегіндегі ауыл. Өзен. Балық аулауға бару. Сонда ересек сіздер мені қармаққа ілетін шылаушын іздеттіріп, тыныш таптырмаушы едіңіздер».