Болат Сериев: «Құмар ойын құрдымға құлатады»
Сұхбат • Бүгін, 11:55
«Құмар ойын құрдымға құлатады» - Болат Сериев
Қоғам жұлынының жегіқұрты – құмар ойынға тәуелділік. Адамды кісілік биігінен кісәпірлік тұйығына әкеліп тірейтін рухани дерт тұтас мемлекеттің де іргесін ірітетін қауқарға ие. Сол себепті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев лудоманияны «бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер» деп бағалап, бұл мәселені жұрт болып жұмылып шешуге шақырған болатын. Осы орайда қоғамның негізгі қозғаушы күші –жастардың арасында құмар ойынға қарсы күрестің қалай жүзеге асып жатқанын білу үшін І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериевпен арнайы сұхбаттастық.